ШҰҒЫЛ! ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАМЕН ЖЕКЕ КӘСІБІН АШҚАН

20:42, 21 қазан 2019

Қазіргі таңда жеке кәсіп ашу – кез келген ынтасы бар адамның қолынан келетін іс. Ол үшін мүмкіндікті үкімет ұсынып отыр. Небары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Бизнес бастау» жобасы арқылы арнайы курс оқып, сертификат алып, бизнес жоспарыңызды қорғап шықсаңыз болғаны. Көп кешікпей, кәсіпкер атанып шыға келесіз. «Еңбек» бағдарламасының игілігін көрген Мәскеу елді мекенінің тұрғыны осылай дейді.

Гүлдана Құзайбина – бүгінгі таңда декреттік демалыста. Оның айтуынша, қазір бала күтімімен айналысамын деп, қол қусырып қарап отыратын шақ емес. Сондықтан, ол «Еңбек» бағдарламасы шеңберіндегі жемісті жобадан шет қалмай, жергілікті аумақта монша ашқан.

Қоғамдық монша – көпшіліктің көкейінде көптен бері жүрген мәселе екенін айтады жас кәсіпкер. Бағасы да қол жетімді. 1 сағат шомылу үшін адам басына 500 теңгеден келеді. Демалыс күндері моншаға келушілер көбейетіндіктен, қасына көмекші алып, бір тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Бүгінгі күнге дейін бұл ауданда «Бастау бизнес» жобасы бойынша 115 адам арнайы курстан өткен. 180 млн. теңгеге 60 жоба қаржыландырылған. 15 азамат қайтарымсыз грант ұтып алып, 130 тұрғын «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша оқуға жіберілген.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:47, 12 желтоқсан 2019
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС
20:44, 12 желтоқсан 2019
ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ
20:54, 11 желтоқсан 2019
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
20:50, 11 желтоқсан 2019
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
20:53, 9 желтоқсан 2019
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...