ШҰҒЫЛ! ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН АЛУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАЙТЫН САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ САПАРЫ

13:00, 2 наурыз 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурыз Алғыс айту күні Жамбыл облысының Қордай ауданына жұмыс сапарымен барды. Президент бұл күні тойлаудан гөрі, ауыл тұрғындарымен өзекті мәселелер жөнінде пікір алысуды жөн көрген.

Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтар ауылы Қаракемерге келді. Ауыл белсенділерімен кездесуде әңгіме өзегі, әрине, қақтығыс болды. Мемлекет басшысы бұл оқиға ел абыройына нұқсан келтіргенін айтып, бұрынғы облыс басшылығын, әсіресе, құқық қорғау органдарының жұмысын сынға алды.

Қордайдағы қақтығыс қордаланып қалған біраз былықтың бетін ашты. Президент шиеленіске шекара арқылы контрабанда тасып,   шектен шыққандар да себепші екенін жеткізді.

Бұдан соң мемлекет басшысы Қордай ауданындағы ең ірі ауылдық округ Сортөбеге атбасын бұрды. Халқының саны жиырма төрт мыңнан асады. Дені – дүнгендер.

Иә, президент сапары «Алғыс айту» күнімен тұспа-тұс келді. Сәйкестік деу әбестік болар. Өйткені мемлекет басшысының бұл кездесудегі басты сөзі қазақтың тілі мен дәстүрін сыйлап,  жалпы, ел мүддесі үшін бірлесіп еңбек ету төңірегінде болды.

Сортөбеде тіл мәселесінің көтерілуі де кездейсоқ емес. Жастардың қазақ тіліне шорқақ екенін дүнген ақсақалдары мойындап отыр. 

Бұдан соң президент әскерилермен жүздесті.

Мемлекет Басшысы тыныштықты күзетіп, тәртіптің бұзылмауын қамтамасыз еткені үшін ІІМ мен Ұлттық Ұлан басшылығына үздік қызметкерлерге мемлекеттік награда беріп, материалдық көмек көрсетуді тапсырды. Президент кетісімен, әскерилер қайтадан міндеттерін орындауға асықты. Ал қорғаны бар балалар болса, алаңсыз футбол ойнап әлі жүр...   

Тақырып бойынша материалдар

АЛТЫНСАРИН АУДАНЫНЫҢ ҚОСҚҰДЫҚ  АУЫЛЫНДА КӨГІЛДІР ОТЫН ҚҰБЫРЫ АШЫЛДЫ
18:16, 26 қаңтар 2021
АЛТЫНСАРИН АУДАНЫНЫҢ ҚОСҚҰДЫҚ АУЫЛЫНДА КӨГІЛДІР ОТЫН ҚҰБЫРЫ...
Толығырақ...
АВТОБУСТАРДЫҢ АУАНЫ ЛАСТАУ ДЕҢГЕЙІ ТЕКСЕРІЛДІ
20:48, 25 қаңтар 2021
АВТОБУСТАРДЫҢ АУАНЫ ЛАСТАУ ДЕҢГЕЙІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН АЛУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАЙТЫН САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:43, 25 қаңтар 2021
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН АЛУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАЙТЫН САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЕР УЧАСКЕСІН ОНЛАЙН РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ
20:15, 20 қаңтар 2021
ЖЕР УЧАСКЕСІН ОНЛАЙН РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...
«30 ИГІ ІС»: ЕРІКТІЛЕР ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ АУЛАНЫ ҚАРДАН ТАЗАРТУҒА КӨМЕКТЕСУДЕ
20:50, 22 қаңтар 2021
«30 ИГІ ІС»: ЕРІКТІЛЕР ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ АУЛАНЫ ҚАРДАН ТАЗАРТУҒ...
Толығырақ...