ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

20:30, 10 қыркүйек 2020

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді. Президент балмұздақ және ашытылған сүт өнімдерін өндіретін «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірісімен танысты. Президентке пастерленген сүт өндірісі мен қайта өңдейтін заманауи жабдықтар көрсетілді. Кәсіпорын тәулігіне 130-150 тонна сүт өңдеуге қауқарлы.

«Милх» кәсіпорны сүт өнімдерінің 120-дан астам түрін шығарады, олардың 30% Ресейдің шекаралас аймақтарына экспортталады. Өндірісте 710 адам тұрақты түрде жұмыс істейді. Шикізатты облыстағы 12 мыңнан астам жеке шаруа қожалықтарынан сатып алынады. Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның өндіріс қарқынын арттырудың жоспарымен танысып, сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты бірқатар міндеттер қойған болатын. Кәсіпкерлерді Жолдауды жүзеге асыруда белсенділік танытуға шақырды.

Президент Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асырудың да маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы кәсіпорын басшылығына қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін алғыс білдірді. Кездесуге қатысушылар Президент бастамасы бойынша өткізіліп отырған реформаларға қолдау білдіріп, Жолдауда айтылған мақсаттарға қол жеткізуге белсенді атсалысуға дайын екендерін айтты.

Бұдан соң Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының шаруаларымен кездесті. Мемлекет басшысы егіс алқаптарын аралап, «Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасы» ЖШС-ның астық жинау барысымен танысты. Президентке егін орағы науқанының соңғы кезеңі туралы ақпарат берілді. Бүгінге дейін өңірде дәнді дақылдардың 3,1 млн гектары немесе 76% жиналған, өнімділігі әр гектардан 10 центнерден айналып отыр. Астық жинауға 9100 комбайн жұмылдырылған, жуық арада дәнді дақылдарды жинау науқаны аяқталады. Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесуде аграрлық саланың табысты дамуы, жалпы ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі фактор екенін атап өтті.

Сонымен қатар мемлекет басшысына өңірде жүзеге асырылып жатқан мал шаруашылығын дамыту, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру, ауылшаруашылығы техникасын құрастыру жобалары туралы мәлімет берілді. Диханшылар Президентке ауылдарда жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары мен игі бастамалар, сондай-ақ әлеуметтік мәселелердің біртіндеп шешімін тауып жатқаны туралы айтты.

Кездесуде шаруалар өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу және экспорттау мәселелерін көтерді.

Коронавирус індеті салдарынан туындаған қиындықтарға қарамастан, диханшылар өндірісті сақтап қана қоймай, оның көлемін арттыра алды. Президент еліміздің азық-түлік қорын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар үшін ауыл жұмысшыларына ризашылығын білдіріп, жиын-терім науқанын уақытылы аяқтап, мол өнім алуларына тілектестік білдірді.

Тақырып бойынша материалдар

"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БІЗ ҮШІН ЕМЕС!" ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ БАСТАУ АЛДЫ
20:30, 21 қыркүйек 2020
"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БІЗ ҮШІН ЕМЕС!" ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...