ШҰҒЫЛ! ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКАЛАР ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

20:36, 31 наурыз 2020

Әлемді дүрліктірген індетті күш біріктіре отырып жеңеміз. Большевичка тігін фабрикасы облыс орталығында медициналық маскаларды тегін таратуда. Қайырымдылық шараға бастамашы болғандар сол сияқты тұрғындарға себепсіз үйден шықпауға кеңес берді.

Қауіпті вирус ел аумағын шарпып барады. Сондықтан облыста шұғыл шаралар қолға алынды. Бүгін түнгі сағат 22.00-де Қостанай облысы аумағына кіру және шығуға тыйым салынады. Қала көшелерінде себепсіз жүруге болмайды. Жауапты мамандар халықтың бұл кеселге бей-жай қарамауын сұрайды. Сол себепті әр түрлі акциялар аясында тұрғындарға тегін маска таратылуда.

Бетперделер  медициналық нормаларға сай, таза стерилді түрде дайындалған.  Шараға фабрика ұжымы түгел атсалысты.  Сондай-ақ, полиция қызметкерлері де үн қосты. Айта кету керек, тәртіп сақшылары қазір күшейтілген кестеде жұмыс істеуде.

Акция ұйымдастырушылары қаланың орталық көшелерін аралап тұрғындарға   коронавирустан қорғану жолдарын түсіндірді. Үйде қалып, далаға көп шықпау керектігін және адамдар көп жиналатын жерлерге бармау қажеттігін ескертті.

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
20:25, 26 мамыр 2020
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...