ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 933 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҮСТЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

20:30, 28 шілде 2020

Елімізде короновирус инфекциясымен күресуге жұмылдырылған 53 мың медицина қызметкеріне маусым айының үстемақысы төленуде. Бұл шараға республикалық бюджеттен Медициналық сақтандыру қорына 35 млрд 700 млн теңге бөлінді. Ал Қостанай облысының ақ халаттыларына 933 млн теңгеден артық үстемақыға қаржы қаралды.

Медициналық сақтандыру қоры қауіпті жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің саны ай сайын артып келе жатқанын хабарлады. Егер наурыз айында үстемақыны 19 мыңнан астам қызметкер алса, мамыр айында олардың саны 40 мың адамға дейін өсті. Бұл жалпы елдегі көрсеткіш. Ал облысымызда маусым айы үшін 2000-ға жуық дәрігер үстемақы алды.

Бүгінде инфекциялық-провизорлық орталықтарда 2350 орын бар. Індет өршігелі төсек-орындар саны 4 есеге дейін артқан.Сондай-ақ, елімізде қазір жансақтау бөліміне түсетіндер 27%-ке төмендеген. Ем-дом нәтиже беріп, сауығып шыққандар көбейген. Мамандар елдегі індет таратпаудың оң динамикасы әрқайсымызға байланысты екенін ескертті. Айта кету керек, коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастар, бұдан былай медициналық сақтандыру қоры есебінен емделеді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус жұқтырған бір науқасты емдеуге қанша қаржы бөлетіндігі белгілі болды.Мәселен, медициналық сақтандыру қоры коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауру жағдайы жеңіл өтіп жатқан науқастардың емделуіне 292 мың теңге, орташа деңгейдегі науқастарға – 446 мың теңге, жағдайы ауыр науқастарға 1,5 миллион теңге бөлінеді. Ал жағдайы өте нашар науқастардың емделуіне қор тарапынан 1,7 миллион теңге бөлінеді.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...