ШҰҒЫЛ! Ауданның аты өзгереді Толығырақ

«МЕЦЕНАТТАР КЛУБЫНЫҢ» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

20:34, 11 сәуір 2019

Өнерлі азаматтарға қолдау көрсетіп, олардың шығармашылықтарын шыңдауға шапағатын тигізер жомарт жандардың үлгілі үрдісі биыл да өз жалғасын тапты. Бұлжымас дәстүрге айналған дүбірлі дода, меценаттар клубының сыйлығын тапсыру салтанатында жеңімпаздар есімі жарияланды. Журналистика мен ғылым, әдебиет пен мәдениет салаларында биіктен көрінгендер кімдер? Тілші әңгімелейді.

Аймағымыздың даңқын асқақтатып, ұлттық құндылықтарымызды танытып жүрген мәдениет саласының майталмандары, ғылымның ғаламатын ашып, білімнің биігінен көрінген тобылдық таланттар бұл. Шығармашылықпен айналысып жүрген  дарын иелеріне қамқорлық жасап, құрмет көрсету жылдағы дәстүр. Тобыл өңірінде өзіндік келбеті қалыптасқан «Меценаттар клубының» жүлдесін табыстау рәсімі осымен 19 жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққан жүлдегерлер жылдағы дәстүрге сай, он бір аталымның аясында анықталды. Олардың арасында «Журналистика» номинациясы бойынша облыстық «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы -   Жанұзақ Аяхбеков «Қазына» сыйлығын қанжығалады.

«Меценаттар клубының» басты мақсаты - гуманитарлық бағытта қызмет істейтін кәсіп иелеріне үлкен жауапкершілік жүктей отыра, зор қолдау көрсету. Таланттылар тартысының тәртібі бойынша «Шабыт» сыйлығы жастарға арналса, «Қазына» сыйлығы кәсіби шеберлерге берілді.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
20:30, 17 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ЖАС ИНСПЕКТОРЛАР СЛЕТІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:21, 17 маусым 2019
ЖАС ИНСПЕКТОРЛАР СЛЕТІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
19:07, 14 маусым 2019
Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
Толығырақ...