ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

МАСЛЕНИЦА МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

20:37, 2 наурыз 2020

Әуезді әуендер, толассыз тілектер мен көңілге шаттық сыйлаған мереке. Өткен демалыс күндері Әйет ауданының тұрғындары Масленица мейрамын атап өтті. Орталық алаңда ұйымдастырылған алуан түрлі ойындар мен спорттық сайыстар жиналғандардың көңілін көтеріп, бойын сергітті.

Бірлігі мен тірлігі жарасқан Әйет  ауылында   бірнеше  ұлт өкілдері   тату- тәтті өмір сүріп, түрлі мейрамдарды бірге тойлайды. Мұның жарқын мысалын  Масленица  мерекесінен көруге болады. Славян халықтарының ұлық мерекесіне  өлкедегі барлық этномәдени бірлестіктер көтеріңкі көңіл күйде атсалысты.

Мерекелік дастархандағы басты тағам -  құймақтың  түр - түрі пісірілді. Масленицаның негізгі нышаны да осы. Мейірімге толы шарада  мағыналы ойын-сауықтар өтіп, жиналған жұртшылық мерекелік  көңіл күйде болды. Ән, би жарыстары ұйымдастырылды. Дәстүрлі қуыршақ өртеу рәсімі ұйымдастырылды. Сабаннан жасалған мүсін   қарды жібітіп, көктемнің келуін жақындатады деген сенім бар.  Ел- жұрт бір - біріне деген игі тілектерін білдіріп, қыспен қоштасты.

Мерекеге қатысушылар ерекше костюмдерімен, ән  шырқап, халықтың көңілін бір серпілтіп тастады. Жиналған қауым қысты мәре-сәре болып, керемет көңілмен шығарып салды. Бұл күні  және де  ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Арзан бағамен ұсынылған ет, жұмыртқа, балық өнімдері мен көкөністерді тұрғындар екі  сағаттың ішінде талап әкетті. 


Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...