ШҰҒЫЛ! ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

МАСКАСЫЗ АВТОБУСҚА КІРУГЕ БОЛМАЙДЫ

20:02, 3 сәуір 2020

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, сол сияқты барлық автобус, такси жүргізушілері мен жолаушылар маска тағулары тиіс. Қоғамдық көліктердің қозғалысына да шектеу енгізілді. Олардың барлығы 20.00-ге дейін ғана жүреді. Шектеуді бұзғандар жауапқа тартылады.

Қостанай облысының бас санитарлық дәрігенің қаулысына сәйкес, енді маскасы жоқ тұрғындар автобуспен жүре алмайды. Бетпердесіз жолаушыны жүргізуші автобусқа мінгізбеуге құқылы. Керісінше жағдайда, өзі жауапқа тартылады.  

Қоғамдық көлік қозғалысына да шектеу енгізілді. Енді автобустар арасындағы қозғалыс аралығы 15 минутқа дейін артады. Қоғамдық көліктердің барлығы сағат 20:00-ге дейін жүреді. Соңғы автобус аялдамаларынан 19: 00 кезінде шығады. Шектеуді бұзған көлік иелері жауапқа тартылады. Полицейлер сол сияқты енді түнгі сағат 10 - нан кейін себепсіз үйден шығуға тыйым салынатынын ескертеді. 

Тұрғындар бұндай темір тәртіп қауіптің алдын алады деп, түсіністікпен қарауда.   Сақтық шараларының күшейтіліп, халықтың денсаулығы үшін атқарылып жатқан істерге алғыстарын білдірді.

Рейдтік шараның алғашқы күнінде полицейлер тұрғындарға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Қоғамдық көлікте және аялдамаларда адамдар арасында қауіпсіз қашықтықты сақтауды және жеке қорғау құралдарымен жүру қажеттілігін ескертті. 

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
20:25, 26 мамыр 2020
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...