ШҰҒЫЛ! ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

МАМАНДАР ЕСКЕРТЕДІ: 22.00 БАСТАП ТҰРҒЫНДАРҒА ӨЗ ПӘТЕРЛЕРІНЕН ШЫҒУҒА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

20:21, 30 наурыз 2020

Қостанай облысында коронавирус дертіне қарсы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қауіпті індеттің таралуына жол бермеу мақсатында бірқатар шектеу шаралары енгізілді. Сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлардың, жалпы адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың қызметі уақытша тоқтатылады. Және де кешкі сағат 22.00 бастап аймақ тұрғындарына өз пәтерлерінен шығуға шектеу қойылды Бұл туралы Қостанай облысының мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Владимир Нечитайло мәлім етті.

Жауапты мекеме өкілі  баспасөз мәжілісінде  төтенше жағдайлар кезіндегі шаралар  және уақытша шектеулер туралы баяндады. Халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нысандардың  күзетілуі күшейтіледі.

Індеттің таралуына жол брмеу үшін және де азаматтардың медициналық ұйымдарға баруына шектеу қойылған. Барлық емдеу мекемелері қазір күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен.  Төтенше жағдай кезінде  қоғамдық тамақтану орындары   мейрамханалар, барлар, асханаларға  баруды әзірге тоқтатқан дұрыс.  Бұл қауіпсіздік шарасы үшін қажет.    Ал сән салондарының қызметіне   алдын ала жазылу арқылы жүгінуге рұқсат етілген.  

Тратуралар, аялдамалар мен автобустарда  залалсыздандыру жұмыстары  тұрақты түрде жүргізіледі.  Ресейден 300 дана арнайы тест жүйесі әкелінген.  Індетке шалдыққан адамдармен байланыста болған азаматтарға осы құрылғы арқылы тексеріледі.   Бетперделерге  келер болсақ, одан тапшылық жоқ. Қостанайдағы «Большевчика»  тігін фабрикасы күніне  10 мың данасын тігуде.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
20:25, 26 мамыр 2020
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...