ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

МАМАН ТАПШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

20:54, 11 қазан 2019

Облыс ауруханалары мен емханаларында 500-ден астам медицина мамандары жетіспейді. Маман тапшылығы әсіресе облыстық ауруханада қатты сезіліп отыр. Бұл мәселені шешу үшін мамандар студенттердің қатысуымен арнайы конференция ұйымдастырып, жас мамандарды жұмысқа шақыруда. Кадр тапшылығын болдырмау үшін тағы қандай қам-қарекеттер жасалуда?

Бұл отырғандар – медициналық колледждің 3 курс студенттері. Облыстық ауруханада таныстырылған бос жұмыс орындар конференциясына олар арнайы келген. Сырқаттарға барынша көмек көсретіп, адал қызмет атқаруға ниеттілердің бірі – Жанетта Серікбаева. Бойжеткен мейірбике болуды кішкентайынан армандағанын айтады. Ендігі мақсаты – облыстық ауруханада жұмыс жасау.

Бүгінде кадр тапшылығы денсаулық сақтау саласы басшыларының бас ауруына айналып отыр. Себебі, облыста медицина мекекемелерінің қатары көбейген сайын, білікті мамандарға сұраныс артқан. Мәселен, бір ғана облыстық ауруханаға қазір 100-ден астам дәрігер қажет. Әсіресе, акушер мен медбикелер. Қазір денсаулық сақтау саласының мемлекеттік секторында 15 мыңнан астам маман жұмыс істейді, соның 1800-ден астамы білімді дәрігерлер болса, 6 мыңы орта буын медицина қызметкерлері.

Облыста маман мәселесін шешу үшін жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Ауыл-аймақтарда жас мамандарға жағдай жасалып, мемлекеттен әлеуметтік жәрдем берілуде. Биылдың өзінде тек жедел-жәрдем орталығы 50 жас маманмен толықты. Осылайша, медицина кадрларына деген тапшылық мәселесі бірте-бірте сәтімен шешіліп келеді. Бұған Денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық колледждер арасындағы келісімшарттың жасалуы септігін тигізіп отыр дейді мамандар.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
20:30, 9 шілде 2020
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар