ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

МАЙДАНГЕР 94 ЖАСҚА ТОЛДЫ

20:49, 12 ақпан 2020

Қостанайлық соғыс ардагері Григорий Гусак 94 жасқа толды. Ол майдан даласына бозбала шағында аттанып, Польшаны азат етуге, Берлинді шабылдауға қатысты. Жеңіс күнін сол жақта әкесімен қарсы алды. Бүгін майдангерді туған күнімен «Nur Оtan» партиясының өкілдері құттықтады.

Ол қанды қырғынға 17 жасында аттанған. Бірінші Белоруссия майданында соғысты. Т-34 танкісінің экипажында автоматшы болды. Жан алысып, жан беріскен сонау жылдар 94 жасқа толған ардагердің жадында бүгінгідей сақталған. Ол жүріп өткен жолдары, жауынгер жолдастары туралы естеліктерді жалықпай айтуға бар.

Григорий Гусак соғыстан оралған соң туған жері – Меңдіқара ауданының Алешин ауылында көп жыл еңбек етті. Бірталай басшылық қызметтерді атқарды. Жұбайы да Екінші дүниежүзілік қырғынның зардабын көргендердің бірі. Алайда, Ленинград қаласында жау қоршауынан аман шыққан. «Ата-анамыз бізге қиындықты жеңе білу керек екенін үнемі айтып отыратын. Әрқашан мықты болуға үйретті», - дейді ардагердің қызы Татьяна.

Nur Оtan» партиясы бірнеше жыл бойы «Ардагерді ардақтайық» әлеуметтік жобасын жүзеге асырып келеді. Басты мақсат – майдангерлердің қал-жағдайын назарда ұстап, көмектесу, оларды жастарға үлгі ету. Осы іс-шара аясында партиялықтар ардагердің үйіне ат басын тіреп, туған күнімен құттықтады.

Ардагер өзін бақытты жандардың бірі санайды. Екі баласынан үш немере, алты шөбере сүйіп отыр. Алда – Жеңістің 75 жылдығы. Денсаулығы осы қалыпта тұрса, қарт жауынгер үлкен тойды Жеңіс саябағында қарсы алмақ. «Бейбіт елдің аспанына бір көз тастап, соған қуанған жандарды көрсем, көп күш-қуат аламын» дейді майдангер.

 

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

«QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНАН «ЖАҚСЫЛЫҚ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛЕДІ
09:15, 3 тамыз 2020
«QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНАН «ЖАҚСЫЛЫҚ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІ КӨ...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС. СОҢҒЫ 6 АЙДА 86 ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛДІ
20:30, 30 шілде 2020
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС. СОҢҒЫ 6 АЙДА 86 ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІР ӨНЕРКӘСІБІНЕ 23,3 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ
20:30, 27 шілде 2020
ӨҢІР ӨНЕРКӘСІБІНЕ 23,3 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...