ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

ҚЫЛҚАЛАМ ҚҰПИЯСЫ: СУРЕТТЕР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

20:30, 11 қыркүйек 2020

Әдеміліктер әлемінде. Қостанайда пандемиядан кейін келушілерге есігін айқара ашқан көркемсурет галереясында өткен алғашқы көрме осылай аталады. Рудный қаласының суретшілері ұсынған 100-ден астам туындылар көпшіліктің көңілінен шығуда.

Саусақ ұшындағы сұлулық... Лариса Дмитриеваның әрбір еңбегін қостанайлықтар осылайша бағалайды. 30 жылдан бері талай туындыны дүниеге әкелген автор көрермендерін бұл жолы да тамсандырды. Бірден 60 шақты суреті көрмеге қойылды. Ертегілер әлеміне саяхаттағандай болдық, дейді өзі де сурет салумен айналысатын Вадим Быков.

Бұл күні тағы бір талантты суретшінің еңбектерін тамашалай алды көпшілік. Светлан Сойканың 25 туындысы көздің жауын алады. Оның суреттері де кәсіби мамандар тарапынан қашанда жоғары бағаланады. Майлы бояумен пейзаж жанрында жұмыс істейді.

Көрмеде кескіндеме, батик және графика әдісімен салынған авторлық жұмыстарды да кездестіруге болады. Әр сурет өзіндік мазмұнымен ерекшеленеді. Қала қонақтары мен тұрғындар оны бір ай бойы тамашалай алады. 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
20:50, 17 қыркүйек 2020
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
Толығырақ...
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...