ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

20:32, 27 қазан 2020

Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Қостанай облысынан 900 азамат Қазақстан армиясының қатарын толықтыратын болады. Айта кетейік, күзгі әскерге шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Биылдан бастап әскерге шақыртылушылар екі мәрте ПТР-тестілеуден өтеді. Барлық санитарлық талаптар қатаң түрде сақталған. Әуелі барлық азаматтар санитарлық талаптарды сақтай отырып тексерістен өтеді. ПТР тестін тапсырады, кейін таза зонаға жіберіледі. Содан кейін әскери бөлімшелерге жіберіліп, ол жақта да ПТР тестінен екінші қайтара өтеді. Тест нәтижесі шыққаннан кейін 14 күн оқшауланады. 14 күн өткеннен кейін азаматтық борышын өтеуге кіріседі.
 

Шекара қызметіне облыстан 180-нен астам сарбаз аттанған. Елдегі ахуалға байланысты әскерге жаңа талаптар енгізілді. Медициналық комиссия құрамына инфекционист дәрігерлер қосылды. Азаматтарда індет белгілері бар-жоғы және науқастармен байланыста болған-болмағаны анықталады. Күдік туындаған жағдайда медициналық комиссиядан өту тоқтатылады.

Айта кету керек, Заң бойынша әскерге барудан себепсіз бас тартқандар екі жыл бас бостандығынан айырылады немесе 2 миллион теңгеге дейін айыппұл төлейді.
 

Гауһар Асанбек

Тақырып бойынша материалдар

«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ». КЕЗЕКТІ КІТАП ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
20:13, 26 қараша 2020
«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ». КЕЗЕКТІ КІТАП ЖАРЫҚҚ...
Толығырақ...
АУДАНДАР МЕН АУЫЛДАРДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
20:06, 26 қараша 2020
АУДАНДАР МЕН АУЫЛДАРДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
МОНИТОРИНГТІК ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙЕДІ
20:04, 26 қараша 2020
МОНИТОРИНГТІК ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР ЖАЛҒАСЫ
20:55, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР...
Толығырақ...