ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

20:53, 9 қазан 2019

Облыста Қазақстан қарулы күштерінің беделін арттыру және 2019 жылғы күзгі әскерге шақыру аясында «Ел тірегі-2019» республикалық науқаны бастау алды. Отан қорғауға аттанатын бозбалалар алдымен медициналық тексеруден өтіп, денсаулықтарының жарамдылығы туралы сыннан өткеннен кейін әскери бөлімдерге жөнелтіледі.

Науқан аясында жедел әскери қызметті өтуге ұсыныс жасаушылар санының артуына байланысты үміткерлерге қойылатын талаптар да қатаңдатылды.Олар медициналық, психологиялық тексеруден өтіп, білім деңгейлерін көрсетулері тиіс.

Күзгі әскерге шақыру науқанын сапалы, әрі уақтылы орындау мақсатында комиссия әр шақырылушыны жеке-жеке қарастырады. Денсаулығының жарамдылығын басты назарға ала отырып, оны әскер қатарына қабылдау-қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

Отан алдындағы борышын өтеу әр азаматтың парызы деп есептейтін Никита алдағы уақытта келісімшарт бойынша қызмет еткісі келетінін айтады.

Сарбаздар отан алдындағы борышын өтегеннен кейін келісімшарт бойынша әскери қызметін жалғастыра алады және оларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Айта кетейік әскери қызметтің беделін арттыратын,әскери қызметті орындауда жаңашылдыққа жетелейтін Ел тірегі-2019 науқанының рөлі зор.

Самат Ерсайын

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...