ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

КҮЗГІ АҢ АУЛАУ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

20:50, 9 қыркүйек 2019

Аңшылар қаруларын сайлауда. Ағымдағы жылдың 7-ші қыркүйегінен бастап Қазақстанда күзгі-қысқы аң аулау маусымы ашылды. Қостанай облысы бойынша әуесқой аңшылар негізінен бұлан, бұғы, елік, қабан аулайды. Сонымен қатар, қызыл кітапқа еңбеген құстарды ұстауға да рұқсат берілген.

Аң аулаудың объектілеріне 34 сүтқоректілердің және 59 құстардың түрі кірді.  Жалпы, өңірде аңшыларға қаз, үйрек секілді жабайы құстарға тұзақ құрып, атып алуға ешқандай тыйым салынбаған. Аң аулаймын десең өз еркің. Ал егер аңшы жолдамада белгіленген аң мен құс мөлшерінен артық олжалар болса  айыппұл төлейді.

Аң аулауға рұқсат беретін құжаттар тізімі көп емес. Ең бастысы, аңшы куәлігі мен аң аулауға рұқсат беретін жолдама, сонымен қатар қаруды сақтау мен пайдалануға рұқсат беретін ішкі істер органдарынан анықтама қағазы болу керек.Айта кету керек, жыл басынан мамандар талап етілетін ережелерді бұзған 36 дерек тіркеген.

Күзгі-қысқы аң аулау маусымы жануарлар түріне байланысты 2020 жылдың 15-ші ақпанына дейін жалғасатын болады.

Бауыржан Қасымхан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар