ШҰҒЫЛ! СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ Толығырақ

Құтқарушылар оқу - жаттығу шарасын өткізді

20:41, 17 қараша 2017

Апат айтып келмейді. Қандай да бір жағдай туындай қалса, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оған қаншалықты дайын? Құтқарушылар Қостанайда өткен оқу-жаттығу кезінде нағыз шеберлік танытты. Епті, ержүрек жігіттер күш біріктірсе, кез келген қиындыққа төтеп бере алатындарын дәлелдеді.

Қоңырау, дабыл, қауіп. Шұғыл шешім қабылдауды қажет ететін жауапты сәтте еш іркілместен өзгенің жанын ажалдан араша ету үшін бастарын бәйегеге тігетін құтқарушылар әуежайға бет алды. Оларға бұл жолы жүктелген тапсырма – қозғалтқышынада ақау болып, апатты жағдайда қонған ұшақтың экипаж мүшелеріне көмек көрсету.

Отқа оранған әуе кемесі, алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатқан дәрігерлер. Бұл көрініске қарап, төтенше жағдай болып жатырма, деп ойлап қалуыңыз мүмкін.   Бірақ, бұл тек қана оқу-жаттығу шарасы.

Оқу-жаттығу жиынына 10 өрт сөндіру техникасы және 14 құтқарушы жұмылдырылды. Дайындық кезінде барлығы өз қызметін мінсіз атқарып, бейбіт күннің батыры деген атаққа лайық екендерін тағы бір дәлелдеді.

Біреуге көмектесу - кісіліктің белгісі. Ал әр күн сайын жақсылық жасау - құтқарушының қызметі. Олар күн сайын ондаған адамның өмірін құтқарып қалады. Қауіпті де қиын мамандық иелерін - бүгінгі күннің нағыз батырлары деп айтуға әбден  лайық!

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА  300- ГЕ ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРНЫ БОС ТҰР
18:07, 12 шілде 2018
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА 300- ГЕ ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРНЫ БОС...
Толығырақ...
К. ӘБДІРАХМАНОВА  «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
09:26, 12 шілде 2018
К. ӘБДІРАХМАНОВА «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМІ МЕН ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН  АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
09:00, 11 шілде 2018
ЕЛБАСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН АСТАН...
Толығырақ...
К. ӘБДІРАХМАНОВА  «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
09:26, 12 шілде 2018
К. ӘБДІРАХМАНОВА «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
Толығырақ...