ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН 2 АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮШЕЙТІЛГЕН КЕСТЕДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

20:40, 12 қаңтар 2021

Қостанай облысында 31-ші желтоқсан мен 7-ші қаңтар аралығында төтенше жағдай депаратментіне 73 шақырту келіп түскен. Оның 23-і өрттің шығу себебіне байланысты.Өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы кезеңде өрт оқиғасы 28 пайызға азайған.Тілсіз жау әсіресе жеке секторда жиі болады. Бұл күндері сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығы салдарынан жолда қалып қойғандарды құтқару операциялары өтуде.

Қытымыр қыс қыспаққа алған тұста өңірдің барлық құтқару қызметі халыққа қол ұшын беруге дайын. «Дегенмен сақтансаң, сақтаймын» деген қағидатты естен шығармаған жөн, дейді департамент мамандары. Жыл басынан 7-ші қаңтарға дейін 23 өрт оқиғасы тіркелді, келтірілген шығын да қомақты. Жыл сайын ескертулер жасалса да, көбі қауіпсіздік ережелеріне мән бермейді.
 

Алыс жолда абай бол

Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері алыс жолға шығатын жолаушыларға сақтық ережелерін естен шығармауды ескертеді. Сапар шегушілерге жылы киімдерін ала шығуды, ауа райының қолайсыздығын, ұялы телефонға кеп түскен ескерту хабарламаларын ескеру керектігін айтады. Бұл күндері аяз бен боранның салдарынан жолда қалған жолаушыларды құтқару операциялары өткізілуде.
 

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері қатты аяз болады. Әсіресе аптаның ортасында ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеп кетуі мүмкін. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметі бұл күндері алыс жолға шықпауға кеңес береді.


Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

COVID-19.  ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ  ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ
20:49, 19 қаңтар 2021
COVID-19. ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДІ Т...
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨРТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ
20:02, 19 қаңтар 2021
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨРТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:36, 14 қаңтар 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...