ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ РӘСІМІ ҚАШЫҚТАН ӨТЕДІ

20:30, 27 шілде 2020

Биыл Құрбан айтты мерекелеу ережесіне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының бас имамы Бақытбек қажы Тәжімбет мәлімдеді.

Құрбан айт мейрамы биыл 31 шілде мен 2 тамыз аралығында тойланады. Карантин кезінде өтетін болғандықтан қасиетті мерекеде мешіттерде айт намазы оқылмайды. Бас имам осы жайлы айта кеп, құрбандық шалу рәсімінің талап-шарттарын көкейге қондырды. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл құрбандық шалушыларға арнайы сайт жасап, соны ұсынып отыр. Яғни, qurban2020.kz ресурсына кіріп, өзіңіз тұратын өңірді таңдап, сол жерден қалаған малыңызға алдын ала тапсырыс бере аласыз. Бәрі де сақтық үшін. Брифингте имамдар құрбандыққа шалынатын малдардың белгіленген бағасына да тоқталды. Ірі қара – 350 мың теңге, қой – 50 мың, ал тоқты – 40 мың теңге. Бұл сомаға қасапшының қызметі де кіреді.

Сайтта құрбан малын сатып алуға өтінімдер 31-ші шілде күні түске дейін ғана қабылданады. Құрбан шалу рәсімі де тек осы бірінші күні ғана өтуі тиіс. Ал ғаламторды пайдалануға мүмкіндігі жоқ кісілердің өтінішін құрбан шалатын аумақтағы мешіттің қызметшілері қабылдап отырады. Бірақ, тағы айта кетерлігі, оларға да құрбан шалу рәсіміне қатысуға рұқсат жоқ.

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...