ШҰҒЫЛ! ОРМАН ӨРТІ ЖИІЛЕГЕН Толығырақ

ҚҰРБАН АЙТ: МАЛ СОЯТЫН АРНАЙЫ ОРЫНДАР БЕЛГІЛЕНДІ

20:44, 9 тамыз 2019

Исламға иланған, иманы берік мұсылман қауымы үшін, бірер күннен соң қасиетті Құрбан айт мерекесі басталады. Ислам күнтізбесіне сәйкес, Құрбан айт мейрамы биыл 11-13 тамыз күндеріне белгіленіп отыр. Ал, арапа күні 10 тамызға сәйкес келеді. Мұсылмандық парызын атқаруға ниет еткендерге қолайлы болуы үшін облыс орталығында құрбандық шалуға және мал союға арналған алаңдар бекітілді. Құрбан шалудың тәртібі қандай? Толығырақ келесі бейнематериалда. Ел тұрмысының жақсарғаны болар, қазір қасиетті парызды өтеушілер саны жылдан жылға артып келеді. Әйткенмен, құрбандықтың жөн жоралғысын әркім жіті біле бермейді. Алдымен, құрбандықты айт намазы оқылған соң яғни таңғы сағат 8 ден бастап ақшам намазына дейінгі уақыт аралығында шалған абзал. Одан бұрын және шек күні сойылған мал бұл амалға кірмейді. Таңдаған малдың дене мүшесі бүтін әрі ауру-сырқаудан дін аман болуы шарт. Осы орайда қалалық әкімдік санитарлық талаптарға сай, құрбандық шалатын арнайы орындарды бекітті. Ол – Федоров тас жолы бойындағы «мал базары». Мұсылмандық парызын атқаруға ниет еткендер осында келіп құрбандық шалуларына болады. Айт қарсаңында өңірлік имамдар қасапшыларға малды шариғат жолымен бауыздауды үйретеді. Қасапшылар арнайы киім киеді. Құрбандық шалынатын орындарда санитарлық талап қадағаланады. Елдің көкейіндегі ендігі бір мәселе – мал бағасы. Мамандардың айтуынша, бұл күні қойдың бағасы 25 мың теңгеден басталып, 50 мың теңгеден аспайды. Қүллі мұсылман үмбетінің ұлық мерекесі Құрбан айт – қасиетті мереке. Бұл күні барша жамағат бір-біріне деген өкпе-ренішін ұмытып, дастархан жайып, қайырмды іс жасайды. Қасиетті Құранда: «Аллаға құрбандықтың еті де, қаны да жетпейді. Аллаға сіздердің сенімдеріңіз ғана жетеді.» деп жазылған. Осыған орай, мамандар алып-сатарлардың бағаны шарықтатпай, тазалыққа аса мән бермек.

Ал, Құрбан айтқа арнайы демалыс күні берілмейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтынан мәлім болды.  Онда көрсетілген мәліметтерге қарағанда, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстандағы мерекелер жұмыс істемейтін күндер болып табылады. Егер демалыс және мереке күндері сәйкес келсе, демалыс күнінен кейінгі келесі жұмыс күні демалыс болып табылады. Сонымен бірге, ҚР Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылады. Биыл ол жексенбі - 11 тамызға келеді. Алайда, Құрбан айт мемлекеттік және ұлттық мерекелер тізіміне енбейді және оған жоғарыдағы заң нормалары қолданылмайды. Яғни, егер жексенбі Құрбан айт күніне сәйкес келсе, одан кейінгі келесі жұмыс күні демалыс болып саналмайды.

Тақырып бойынша материалдар

ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
20:53, 22 тамыз 2019
ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
20:53, 22 тамыз 2019
ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...