ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«КҮЛІМДЕГЕН КӨКТЕМ» АКЦИЯСЫ

20:13, 6 наурыз 2020

Көктемнің шуақты мерекелерінің бірі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қостанай қалалық әкімдігінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия мүшелері «Күлімдеген көктем» атты акция ұйымдастырды. Қаламызда тұңғыш рет өткізіліп отырған шара барысында комиссияның бақылауында тұрған жасөспірімдер орталық алаңда кездейсоқ кездескен қыз-келіншектерді алда келе жатқан мерекелерімен құттықтап, қызғалдақ гүлдерін сыйлады.

Акцияның қатысушылары құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдер. Олардың барлығы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның қарауындағылар. Өздерінің айтуынша, Аналар мерекесі қарсаңында осындай шара өткізуге өз еріктерімен атсалысып отыр.

Ұйымдастырушылар осындай адам жанына жылылық сыйлайтын акцияларды жиі өткізіп тұрмақ. Осы тектес шаралар аяғын шалт басып, қателік жасаған жеткіншектер бойында қайырымдылық пен жылылық орнатып, оларды жақсылық жасауға, өзінің болашағына балта шаппай, зайырлы азамат болып өсуіне ықпал етпек, дейді.

 

Д.Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...