ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНА – 27 ЖЫЛ!

18:19, 10 қаңтар 2019

Оныншы қаңтар – ҚР Ұлттық Ұланының кәсіби мерекесі. Биыл аталмыш ведомствоның құрылғанына 27 жыл толып отыр. Айтулы датаға орай облыс орталығында ұйымдастырылған салтанатты шарада әскери қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, бірқатар сала мамандары марапатталды.

1992-ші жылдың 10-шы қаңтарында ҚР ішкі қарулы күштерінің әскері құрылған болатын. Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев елдің қорғанысын нығайту жұмысын әр уақытта бақылауда ұстайды. Бүгінде республикамыздың қарулы күштерінің материалдық-техникалық базасы мықты. Міне, 27 жыл бойы өңірдегі 6697 әскери бөлімінің офицерлері сарбаздарды армия қызметіне үйретіп келеді. Салтанатты жиында үздік сала мамандарына құрмет грамоталары мен мерекелік төсбелгілер табысталды.

6697 әскери бөлімінің жеке құрамы өздеріне жүктелген әскери-жауынгерлік қызметті абыроймен атқаруда. Олар әрдайым қоғамдық қауіпсіздікті сақтап түзету мекемелерін күзетуге, төтенше жағдайларды жою мен заңбұзушылықтардың алдын алуға барынша күш салуға әзір.

Бірнеше жыл ІІМ Ішкі әскерлері атанған ведомство 2014-ші жылдың сәуірінде Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығына сәйкес ҚР Ұлттық ұланы болып қайта құрылды. Ал, 2015-ші жылдың 10-қаңтарында Елбасы «ҚР Ұлттық Ұланы туралы» Заң қабылдады. 27 жыл аралығында көп өзгеріс болғанымен, 6697 әскери бөлім қызметкерлері мен сарбаздарының міндеті мен мақсаты өзгерген жоқ. Ол - Отан алдындағы парызды өтеу, қырағылық танытып, ел тыныштығын күзету.

Тақырып бойынша материалдар

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АТАУЫ НҰР-СҰЛТАН БОЛЫП ӨЗГЕРДІ
16:18, 23 наурыз 2019
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АТАУЫ НҰР-СҰЛТАН БОЛЫП ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
18:08, 20 наурыз 2019
Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
Толығырақ...
Ә.БЕКМАҒАМБЕТОВ: ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАДЫ
13:00, 20 наурыз 2019
Ә.БЕКМАҒАМБЕТОВ: ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ НЕГІЗІН...
Толығырақ...