ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙДА ЗАМАНАУИ ҚОНАҚ ҮЙ ЖӘНЕ 20 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ Толығырақ

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне - 25 жыл!

19:01, 13 шілде 2017

Осыдан ширек ғасыр бұрын, яғни, 1992-ші жылдың 13-ші шілдесінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылған болатын. Бүгін ел бойынша аталмыш орган қызметкерлері төл мерекелерін тойлауда. Думанды шара аясында 25 жылда жеткен жетістіктер жіпке тізіліп, бірқатар офицерлер марапатталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдық мерейтойына орайластырылған думанды шара дәнді өлкеде де жоғары деңгейде дүбірледі. Салтанатты жиында облыстық департамент қызметкерлері түгелдей төбе көрсетті. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін өз мойнына алған офицерлерді айтулы мерекелерімен алғашқы болып аймақ әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтап, бірқатар сала мамандарының төсіне мерекелік медаль тақты, алғыс хат табыстады.

25 жылда Комитет құрылымындағы барлық өзгерістер әлемдегі және елдегі ахуалмен тығыз байланысты болды. Жасалған реформалардың басты мақсаты - Комитетке жүктелген міндеттерді тиімді шешу, егемен Қазақстанның мүддесін қорғау. Қазір бұл сала қызметі кез келген қатер мен сынаққа шұғыл да барабар жауап бере алатын икемді, әрі жоғары дәрежелі қорғанысқа айналды.

Елбасы осы салаға қатысты білдірген өз пікірінде «Ұлттық қауіпсіздік жоқ жерде – мемлекет те жоқ» деген болатын. Осынау орынды айтылған бір ауыз сөзді санаға сіңірген азаматтар тұтас елдің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін тынбай тер төгіп, аянбай ауыр да, абыройлы іс атқарып жүр. Сондықтан, оларға кез келген марапат лайық, барлық сый-құрмет жарасымды.

Тақырып бойынша материалдар

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ - ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ
13:00, 24 сәуір 2018
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ - ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ
Толығырақ...
112 ЕСКЕРТЕДІ! БАЛАЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:46, 23 сәуір 2018
112 ЕСКЕРТЕДІ! БАЛАЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар