
Елімізде өткен бұл жолғы сайлау ерекше. Біріншіден, кезектен тыс емес, заң талабына сай, екіншіден тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында өтті. Осы уақытқа дейін де елімізде көптеген реформалар болды. Ол реформалар еңсемізді көтерді. Экономика еселене түсті. Жетіктіктеріміз аз болған жоқ. Жаңа құрам осы игі істерді жалғастырады деп сенеміз. Қостанай өңірлік университеті этникааралық және конфессияаралық мәселелерді зерттеу орталығының жетекшісі Жангелді Шәукенов осындай пікір білдірді.