ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ

20:46, 10 желтоқсан 2019

Өткен түні облыс орталығында 7-ші, 8-ші, 9-шы шағын аудандардағы бірнеше баспана коммуналдық қызметтерден ажыратылып, жылусыз, ыстық сусыз қала жаздады. Тек тұрғындардың қырағылық танытуының арқасында келеңсіз оқиға тіркелген жоқ. Бұл – қаскөйлердің қылмыстық әрекеті дейді қыста қиын жағдайға тап бола жаздаған тұрғындар.

Валентина Нурпаисова – 7-ші шағын аудандағы 8-ші үйдің байырғы тұрғыны. Осы көпқабатты баспанада ол 20 жылға жуық уақыт тұрып келеді. Айтуынша, аудан - тыныш, ешқандай оқыс оқиғалар тіркелмейтін көрінеді. Алайда, өткен түні ол сырттан тарс-тұрс еткен дыбыс естиді.

Таңертең тұрғындар өздерінің «коммуналдық лаңкестіктің» құрбаны болғандарын түсінген. Қыстың көзі қырауда қаскөйлер 7- шағын аудандағы үш үйдің жертөле қабатына кіріп, ыстық суды тоқтатып тастаған.

Коммуналдық қызметтерді кімнің, не үшін, қандай мақсатта тоқтатып тастағаны әзірше, белгісіз. Алайда, тәртіп сақшылары тұрғындардан түсініктеме алып, қылмыстық іс  қозғап жатыр. Қайткен күнде де, құққық қорғау қызметкерлері қаскөйлерді тауып, тиісті жазасын беруге бекініп отыр.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

«QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНАН «ЖАҚСЫЛЫҚ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛЕДІ
09:15, 3 тамыз 2020
«QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНАН «ЖАҚСЫЛЫҚ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІ КӨ...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС. СОҢҒЫ 6 АЙДА 86 ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛДІ
20:30, 30 шілде 2020
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС. СОҢҒЫ 6 АЙДА 86 ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ОРЫНДАЛЫП КЕЛЕДІ
20:30, 28 шілде 2020
«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ОРЫНДАЛЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
4 000  ТҰРҒЫН  ХҚКО ЖЕҢІЛДІК ТЕРЕЗЕСІ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АЛДЫ
20:30, 29 шілде 2020
4 000 ТҰРҒЫН ХҚКО ЖЕҢІЛДІК ТЕРЕЗЕСІ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗ...
Толығырақ...