ШҰҒЫЛ! Жаңа тағайындау! Әулиекөлдің жаңа әкімі таныстырылды Толығырақ

ҚОСТАНАЙЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ТАТАРСТАНҒА САЯХАТТАДЫ

20:40, 10 қазан 2018

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері көп ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүретін мемлекет орната отырып, үлкен табыстарға қол жеткізді. «Ынтымақты елде бақ тұрар»,-деген қазақ елі Президентінің сөзін жатқа білеміз. Татарстанға саяхаттаған қостанайлық қариялармен кездескен Қазан қаласының ардагерлері осылай деді. Тараптар Ардагерлер кеңесінің жұмысын жандандыру бағытында өзара тәжірибелерімен бөлісті.

Қазақ пен татар  халықтарын ежелден қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және рухани қарым-қатынас байланыстырады. Тараптардың сауда және инвестиция, бірлескен жаңа жобалар жасау салаларындағы дамуы жылма жыл қарқын алып келеді. Қазақ жерін мекен еткен татар ғана емес, барша ұлттар арасындағы достық пен сыйластықты ардагерлер Қазан қаласында дәріптеді.  

Сәулеті жарасқан мың жылдық тарихы бар Қазан қаласында тарихи орындар көп. Қостанай облыстық ардагерлер ұйымының мүшелері көрікті жерлерді аралады. Олардың қатарында белгілі қаламгерлер, депутаттар, білім саласының, еңбек және тыл ардагерлері  бар. 

Қостанайда татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінің құрылғанына он шақты жылдан асты. Еліміздегі Қазақстан халқы ассамблеясының да жұмысын бауырлас ел жақсы білетіндерін айтады. Тілдері мен мәдениетін дамытуға Қазақстанда барлық жағдайдың жасалып жатқанынан да хабардар. Қазақстан мен Татарстан арасындағы байланысты екі елдің халқы да тіні үзілмес достық деп бағалайды.   

Махамбет жырлаған Еділ өзені бойындағы тарихы тым тереңде жатқан көне шаһар Қазан қаласына қостанайлық ардагерлердің саяхаты жоғары деңгейде өтті. Сонау Алтын орда кезінен бері Қазақ даласымен байланысы үзілмеген Татарстан ардагерлерімен қарым – қатынасымыз жалғаса беретін болады, дейді шараға ұйытқы болған демеушілер.   

 Бауржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджеті бекітілді
15:04, 11 желтоқсан 2018
2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджеті бекітілді
Толығырақ...
15:02, 11 желтоқсан 2018
Инфрақұрылымды дамытуға 30 млрд. теңге бөлінеді Жол құрылысы...
Толығырақ...
Ұлы даланың жеті қыры: Жаңа жобалар бастау алды
14:57, 11 желтоқсан 2018
Ұлы даланың жеті қыры: Жаңа жобалар бастау алды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОТ ИДЕИ К ВОПЛОЩЕНИЮ. ФОНД РАЗВИТИЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА «ДАМУ» ПОКАЗАЛ УСПЕШНЫЕ БИЗНЕС-ПРОЕКТЫ
18:20, 7 желтоқсан 2018
ОТ ИДЕИ К ВОПЛОЩЕНИЮ. ФОНД РАЗВИТИЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА «ДАМ...
Толығырақ...
100 нақты қадам: «Қостанай» - адалдық алаңы! Индустриялық аймақ қарқынды дамуда
10:26, 5 желтоқсан 2018
100 нақты қадам: «Қостанай» - адалдық алаңы! Индустриялық ай...
Толығырақ...
Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті
10:30, 5 желтоқсан 2018
Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті
Толығырақ...