ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ҚОСТАНАЙДА 45 ОЙЫН АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ

20:30, 30 шілде 2020

Аулаларды дамыту жұмыстары Қостанай қаласында қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Облыс орталығында биыл 17 футбол алаңы, 45 балалар алаңқайы мен 9 балалар манежі қолданысқа беріледі. Осы мақсатта мемлекеттік бағдарлама бойынша 400 млн теңге бөлінген.

Әр түрлі спорт құрылғылары, әткеншектер, сырғанағы мен құмсалғышы бар заманауи  ойын алаңы.  Балалар бой сергітетін орын Қасымханов көшесіндегі №25  тұрғын үйге тиесілі. Баспана ауласы алыстан көз тартады.  Маңайдағы барлық бүлдіршіндер  күнде осында таза ауада  асыр салып ойнайды.

Қостанайға көрік беріп тұрған  аулалардың саны еселей түспек. Биыл 17 футбол алаңы, 45 ойын алаңдары  мен 9 балалар манежі  бой көтереді. Қазір облыс орталығында жасанды төсеніш жайылған 12 футбол  манежі мен  20 балалар алаңы қолданысқа берілді.  Қалған нысандар қараша айына дейін  тапсырылады.   Аулаларды абаттандыру бюджет есебінен жүргізілуде.   Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында қолға алынған жобалардың жалпы құны 440 млн теңге.

Мамандардың сөзінше, бұдан бөлек қосымша 21 ойын алаңқайын салуға  143 млн теңге бюджеттен бөлінді. Балалардың жарақат алуын болдырмау мақсатында  қауіпсіздік шаралары да ескерілген. 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...