ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ЕЛОРДА МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАУҒА ДАЙЫН Толығырақ

Қостанайда 270 орындық жатақхана салынады

13:00, 7 наурыз 2018

Қостанайда 270 орындық жатақхана салу жұмыстары қолға алынады. Елбасының әлеуметтік бес бастамасына орай пікір білдірген Педагогикалық институт ректоры Еркін Әбіл осылай айтты. Сонымен қатар, ол Президенттің білім гранттарын 20 мыңға дейін арттыру туралы берген тапсырмасына қолдау білдіретінін жеткізді.

Елбасы жариялаған әлеуметтік бес бастама – ең әуелі жастарды қолдауға бағытталған деп есептейді Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы. Кейінгі толқынды сапалы, әрі қолжетімді әлемдік стандарттарға сай біліммен қамтамасыз ету заман талабы. Бұл ретте 530 мыңдай студенті бар елімізде жоғары білімді тегін алудың мүмкіндігі арта түспек. Қыркүйек айынан бастап жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша тағы 20 мың грант қарастырылады.       

Колледждер мен университеттер 2022 жылға дейін жекеменшік-мемлекеттік әріптестік негізінде 75 мың орындық жатақхана құрылысын бастайды. Осы мақсатта 119 млрд теңге жұмсалады. 460 орынға шақталған педагогикалық институттың жатақханасында бүгінде бос бөлме жоқ. Ал ректордың айтуынша әлі 400-дей студент жатақханаға зәру. Осы мәселені шешу үшін білім ордасы өз есебінен қаражат шығарып, алдағы бес жылда 270 орындық жатақхана тұрғызуды жоспарлап отыр.  

Наурыз айының соңына дейін президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асырудың жол картасы әзірленеді. Онда маңызды міндеттемелерді іске асыру механизмдері мен мерзімдері айқындалады.

Тақырып бойынша материалдар

23 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ КҮНІ
18:09, 22 маусым 2018
23 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ШАЛҒАЙДА «АУЫЛ КҮНІ» МЕРЕКЕЛЕНДІ
18:19, 20 маусым 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ШАЛҒАЙДА «АУЫЛ КҮНІ» МЕРЕКЕЛЕНДІ
Толығырақ...
НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
18:13, 20 маусым 2018
НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
Толығырақ...