ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ПЫСЫҚТАЛДЫ

20:32, 14 қазан 2020

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бұдан соң Қостанайда жиын өткізді. Онда облыс бойынша сайлауалды бағдарламаның жобасы жан - жақты талқыланды. Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, «Nur Otan» партиясының белсенділері қатысқан шарада және де партияның алдағы жоспары кеңінен таныстырылып, мақсат- міндеттер бекітілді.

Жиында «Nur Otan» партиясының  Қостанай облысы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының жобасы жан - жақты  талқыланды.  «Nur Otan» партиясы  төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек  бұл құжаттың   ел дамуы үшін  маңызы зор екенідігін ерекше атап өтті. Қазақстандықтардың тұрмыс ахуалын арттыру - сайлауалды бағдарламаның  басты мақсаты.

Партия ішінде іріктеудің жаңа механизмі - праймериз Елбасы бастамасымен былтыр қолға алынды. Дамыған елдерде кең тараған  бұл саяси технология   бүгінде қазақстандықтар тарапынан үлкен қолдауға ие болды.   Қостанай облысында партияшілік праймериз барысында 1157 ұсыныс   түскен.  Партия түбегейлі жаңғырып, қатары жаңа тұлғалармен толықты.

Облыс басшысы Архимед Мұхамбетов өз баяндамасында  өңірдің әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды.   Айтуынша, өндірісте өсім бар. Үдемелі - индустрияландыру бағдарламасы бойынша 92 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. 157 млрд.  теңгенің инвестициясы экономикаға тартылды.  6 мыңға тарта жаңа жұмыс орны ашылды. Көлік құрастыру саласы ілгерлеп,  экпортық көлемі артты.

Партияның алдағы міндет-мақсаттарі  айқындалды. Ел бесігі – ауыл. Сол бесіктің тербелуіне теңдей жағдай жасалуы тиіс. «Nur Otan» партиясы  төрағасының бірінші орынбасары  Бауыржан Байбек осылай деді.

Nur Otan» партиясы  төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қостанайда жаңадан салынып жатқан жұқпалы аурулар ауруханасын да айнадып өтпеді.  200 орынға есептелген емдеу мекемесі  Әуежай шағын ауданында тұрғызылып жатыр.  Нысан халықаралық талаптарға сәйкес салынуда. 20 орынға арналған жан сақтау бөлімі, эндоскопиялық қызметтер, диагностикалық кабинеттер мен  заманауи зертханалар қарастырылмақ. Денсаулывқ сақтау саласы өкілдерінің айтуынша, жоба тиісті мерзімде тапсырылмақ. .

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
20:45, 28 қазан 2020
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...