Қостанай ауданы. Майлы дақылдардан мол өнім алудың канадалық үлгісі

Қостанай ауылшаруашылық ғылми-зерттеу институты қабырғасында аграрлық саланы дамытуға негізделген семинар өтті. Өсімдік шаруашылығы, соның ішіде, майлы дақылдар егу бағытындағы бірқатар тың және тиімді тәсілдер төңірегінде қостанайлық фермерлерге канадалық маман дәріс оқып, шеберлік сағатын ұйымдастырды. Екі мемлекет арасындағы әріптестік қарым-қатынас жайында толығырақ тілшіміз баяндап береді.

16:47, 17 шілде 2017   91

Қостанай облысы - құр егін егумен ғана емес, сонымен қатар, майлы дақылдар өсіру бағытында да ел көлемінде көш басындағы өңірлердің бірі. Бір ғана Қостанай ауданының өзі өсімдік шаруашылығын әртараптандыруға ден қойған. Мұнда молынан өнім алу мақсатында күнбағыстың бірнеше түрі өсіріледі. Оған жергілікті ғалымдардың қосып жатқан үлесі үлкен.

Алайда аймақ ғалымдары бұл жетістіктеріне тоқмейілсіп, ізденістерін тоқтатар емес. Ғылымның арқасында ғаламат дүниелер ашуға бар. Шетелдік тәжірибеге де назар аударуды естен шығарған емес. Осы орайда, облыс фермерлеріне майлы дақылдар өсірудің канадалық үлгісін ұсынып отыр. Сол үшін аймаққа арнайы 30 жылдық тәжірибесі бар маман алдырған.

Канадалық фермер таң қаларлық тың дүниемен бөлісті деуге болмайды. Өйткені, ол істің барлағын өңір шаруалары бұрыннан бері атқарып, тың технологияны түгел қолданып келеді. Айрықша айта кетер жаңалығы – 90 күнде өнім берер күнбағыс сұрыптарын ұсынды. Сондай-ақ, ылғал сақтау технологиясын насихаттады. Мейманның мәлімдеуінше, егін егуден гөрі, өсімдік шаруашылығымен айналысқан абзал. Себебі, арамшөбі аз, дақылдардың дертке шалдығу көрсеткіші де төмен көрінеді.

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының ресми сайты

110003, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 126 үй Байланыс телефондары: 8 (7142) 54-66-60