ШҰҒЫЛ! Жемқорлық фактілері азайған Толығырақ

Көшеге ілсең жарнама, өз тіліңді қорлама!

17:58, 14 шілде 2017

Тілдерді дамыту басқармасы мен «Жас Отан» жастар қанаты айрықша акцияның өтуіне мұрындық болды. Нәтижесінде, көшелерде және ғимараттардың маңдайшаларында ілінген сыртқы ақпараттың көбі сауатсыз екені мәлім болды. Сала мамандары бірқатарына ескерту жасап, қажет болса, әдістемелік көмек көрсетуге дайын екендерін жеткізді.

Түсіндіру шарасын жүргізу мақсатында тілдерді дамыту басқармасының мамандары мен жасотандықтар осы акцияға мұрындық болды. Қостанай көшелеріндегі жарнамалардың сапасын тексеру мақсатында ұйымдастырылған кезекті іс-шарада кезекті рет түрлі мекеменің сыртындағы жарнамалардың қате жазылғаны көзге бірден түсті. Маңдайшалардағы ақпараттың әсіресе қазақ тіліндегі нұсқасы дұрыс жазылмаған. 

Шара бастамашылары Қаламызда билбордтар мен маңдайшалар   ілінген жерлерді аралап, жіберілген қателіктерді тізді.

Жіберілген олқылыққа қатысты, кәсіпкер орнын толтыруға уәде етті. Меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың мөрлерiнiң, мөртабандарының мәтiнi мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады.  Бұл тіл туралы заңның 21-бабында айтылған. 

Бұндай келеңсіздіктің басты себебі - кәсіпкерлердің салғырттығы. Олар   жарнамадағы жазуларға ат үсті қарайды. Кәсіби аудармашыға емес, қос тілді жетік білмейтін мамандардың көмегіне жүгінеді.

Жас отан жастар қанаты мүшелері мен тілдерді дамыту басқармасының мамандары қазақ тіліне шорқақ аудармашыларға  әдістемелік көмек беруге дайын. Тек, олар білікті мамандармен бірге жұмыс істеуге өздері ықылас танытса болды. Ал, бүгін жіберілген олқылықтардың орнын толтыруға сөз берген жандардың, өз уәдесіне қаншалықты берік екендігі 10 күннен соң белгілі болмақ.

Тақырып бойынша материалдар

Әскерилер тілдер мерекесін атап өтті
13:26, 22 қыркүйек 2017
Әскерилер тілдер мерекесін атап өтті
Толығырақ...
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
16:06, 21 қыркүйек 2017
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
Толығырақ...
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
18:31, 20 қыркүйек 2017
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі  (толық нұсқа)
18:06, 18 қыркүйек 2017
Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі (толық нұсқа)
Толығырақ...
Аналар күніне арналған мерекелік шара
18:32, 18 қыркүйек 2017
Аналар күніне арналған мерекелік шара
Толығырақ...
Білім ошақтарындағы өрт қауіпсіздігі тексерілді
18:26, 18 қыркүйек 2017
Білім ошақтарындағы өрт қауіпсіздігі тексерілді
Толығырақ...