ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

КӨШЕ АТАУЫН ӨЗГЕРТУГЕ ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫС ДЕПУТАТТАР ТАРАПЫНАН МАҚҰЛДАНДЫ

20:44, 2 қыркүйек 2019

Облыс орталығындағы Гагарин көшесінің атауы өзгермек. Оған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілмек. Ал, Гвардейский көшесіне Юрий Гагариннің аты беріледі. Және де, Әуежай шағын ауданындағы көшелердің бірі Денсаулық сақтау саласының үздігі Дмитрий Герасимовтың атымен аталмақ. Облыстық мәслихаттың қоғамдық тыңдауында депутаттар көше атауын өзгертуге бір ауыздан келісімдерін берді.

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар, түрлі мемлекеттік орган басшылары бас қосты. Күн тәртібінде қаралған мәселе – Юрий Гагарин көшесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру.

Қоғамдық кеңес мүшелері Гвардейский көшесін  Юрий Гагарин атымен атауды жөн көретіндерін айтты. Сол сияқты, Әуежай шағын ауданындағы көшелердің біріне  Денсаулық сақтау саласының үздігі Дмитрий Герасимовтың есімі беріледі. Бұл үсыныстар  депутаттар тарапынан бір ауыздан мақұлданды.

Сондай-ақ, депутаттар кезектен тыс мәслихат сессиясында Қостанай қаласының тұрғыны Бек Зейнелұлы Жүсіповты марапаттауды жөн көрді. Зейнеткер өз қаражатына «Көркейе бер Қостанай» акциясы аясында облыс орталығына әскери медбикенің ескерткішін орнатқан. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...