ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

КОРОНОВИРУС САЛДАРЫНАН ІС-ШАРАЛАР КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ

20:32, 17 наурыз 2020

Короновирус пандемиясы әлем жұртшылығын алаңдатуда. Бұл вирус Қазақстанды да айналып өтпеді. Мемлекет басшысы халыққа жолдаған үндеуінде төтенше жағдай режимі күшіне енгенін айтты. Осыған байланысты еліміздің өңірлерімен бірге Қостанай облысында өтетін барлық мәдени,спорттық іс-шаралар кейінге шегерілді.

Коронавирус кесірінен еліміздегі мектеп оқушылары мерзімінен бұрын көктемгі демалысқа жіберілді. Мектептер екі аптадан аса жабық болмақ. Студенттер де оқу орындарына бармайды. Қашықтықтан білім алып, интернет арқылы тапсырма орындайды. Ал балабақшалар өз жұмыстарын тоқтатпайды. Аладай, ата-ана баласын бөбекжайға жіберу-жібермеуін өзі шешеді.

Өңірде мәдени шаралардың санын барынша қысқартылды. Себебі адамдар көп жиналған орындарда ауруды жұқтырудың мүмкіндігі басым. Мәселен, 13-наурыздан бастап барлық мәдениет мекемелеріндегі жоспарланған бұқаралық іс-шаралардың барлығы тоқтатылды.

Сондай-ақ,облыста жоспарланған барлық спорттық шаралар өтпейтін болды. Атап айтқанда, барлық мемлекеттік спорттық мектептерде оқу-жаттығу процесі тоқтатылды. Жергілікті немесе республика бюджетінен қаржыландырылатын спорт ұйымдарының оқу-жаттығулары, физикалық-сауықтыру қызметтерін ұсыну және осы саладағы әлеуметтік жобаларды іске асыруға да шектеу қойылды.

Сондай-ақ, бүгіндеоблысымызда  барлық кинотеатрлар, мұражайлар,  кітапханалар мен сауда орталықтары да уақытша жабылды.Осылайша, елдегі ахуал тұрақталмайынша мамандар адам көп шоғырланатын жерлерден аулақ болуға шақырады.

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...