ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 5,3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ Толығырақ

ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ ҚАЖЕТ

20:45, 13 наурыз 2019

Облысымызда Отан алдындағы борышын өтегісі келмейтін жас жігіттердің қатары көбейген. Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың қатысуымен өткен алқалы мәжілісте әскер қатарына қабылдау мәселесі талқыға салынды. Қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері сол сияқты медициналық комиссиялардың жұмысына қатысты кемшіліктер бар екенін айтады.

Былтыр Қостанай облысында 7688 жас жігіттер  әскер қатарына шақырылды. Отан қорғауға аттанатын бозбалалар алдымен медициналық тексеруден өтті. Бірақ, үміткерлердің тек  66 % денсаулықтарының жарамдылығы туралы сыннан  өтіп, әскери бөлімдерге жіберілді. Медициналық куәландыру мен әскер қатарына шақыру тәртібі туралы мәселелер талқыланды. Облыста 16 медициналық комиссия қызмет етеді. Олардың  жұмыс сапасына   қатысыты кемшіліктер бар. Дәрігерлер тапшылығы  бұған басты себеп.

Әскерге шақыру науқанын сапалы, әрі уақтылы орындау – басты назарда. Марат Жүндібаев әскерге шақыру жұмысымен айналысатын жауапты адамдардың қызметтеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Ведомсто қызметкерлерінің айтуынша, Отан алдындағы парызын өтеуге ниетті бозбалалар қатары азайып келеді. Көбісі әскерге аттанудан   бас тартып жатады. Осы мәселе бойынша ішкі істер органдарының мамандары баяндама жасады. 

Отан алдындағы борышын өтеуді қасиетті парызым деп білетін моральдық және психологиялық тұрғыдан мықты азаматтарға басымдық берілуі керектігін жеткіді. Осы ретте өскелең ұрпақты  әскери- патриоттық рухта тәрбилеу керек. Облыста 174 клуб жұмыс істесе, оған  4.000 мың. оқушы қатысады.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫНДА 3 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
20:40, 23 мамыр 2019
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫНДА 3 МЕМОРАНДУМҒА...
Толығырақ...
ГЕНЕРАЛ БЕКЕТ АЙМАҒАМБЕТОВ БАҚ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20:32, 23 мамыр 2019
ГЕНЕРАЛ БЕКЕТ АЙМАҒАМБЕТОВ БАҚ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
20:30, 23 мамыр 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
09:35, 21 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...