ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 4500 ПӘТЕР ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛЕДІ Толығырақ

КОРЕЙ ХАЛҚЫ СОЛЛАЛЬ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

13:29, 12 ақпан 2019

Қостанайды мекендеген кәрістер өздерінің Соллаль атты Жаңа жыл мерекесін атап өтті. Ортақ Отанымызда бейбітшілік пен келісімнің үздік үлгісін насихаттаған олар қала тұрғындарына ұлттық дәстүрлерін дәріптеп, отбасы құндылықтарын сақтаудың қыр-сырын көрсете білді.

Шығыс күнтізбесі бойынша Қытай, Жапон, Корей елдері Жаңа жыл мерекесін 20-шы қаңтар мен 18-ші ақпан аралығында  қарсы алады. Сол ежелгі дәстүрінен жаңылмаған Қостанайдағы корейлер диаспорасы биыл бұл мерекені 9 ақпанда тойлауды ұйғарыпты.

Қостанай облысында бүгінде төрт мыңнан астам корей ұлтының өкілдері тұрады. Қандай заман болмасын, бірлігімізді сақтап, ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрлерімізді қазақ елінде дамытып отырмыз. Бұл - бәріміз үшін ең басты құндылық. Ұлы даланы мекен еткен ұлттардың арасын тек үтір ғана бөліп тұр, - дейді мерекелік шараға атсалысқандар.

Корей Жаңа жылының ең басты ерекшелігі олар мерекені тойлауды бір күн бұрын  бастайды. Салт-дәстүр бойынша мейрамның екінші күні әрбір отбасында ток–кук сорпасы әзірленеді. Сондай-ақ, кәрістерде Жаңа жылда барлық ескі киімдерді жаңасына ауыстыру керек деген наным-сенім қалыптасқан.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
20:35, 18 шілде 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
Толығырақ...
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ – БАСТЫ НАЗАРДА!
20:34, 18 шілде 2019
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ – БАСТЫ НАЗАРДА!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АПТАП ЫСТЫҚ АСТЫҚТЫ АТЫРАПТА ӘЛІ ЖАЛҒАСАДЫ
20:21, 15 шілде 2019
АПТАП ЫСТЫҚ АСТЫҚТЫ АТЫРАПТА ӘЛІ ЖАЛҒАСАДЫ
Толығырақ...