ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

20:30, 14 наурыз 2019

Рудный қаласында биыл 60 көпбалалы отбасыға жаңа пәтерлер беріледі. Жергілікті билік өкілдері осылай деп отыр. Соның арқасында баспанаға мұқтаждардың қатары едәуір азаймақ. Жалпы көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қазір баса мән беріліп отыр.

Гүлзия Кәкенова7 баланың анасы. Үлкені 17-де, кішісі 5 -те. Жолдасы келісім-шартсыз, кездескен жұмысты істейді. Яғни табысы тұрақты емес. Өзі мемлекеттен тек көпбалалы ана ретінде 16 мың теңге алады. Отбасының бар кірісі осы. Бір реттік әлеукметтік көмек алуға құжаттарын енді дайындап жатыр.

Тұрмыстың тапшылығына төзгенмен баспананың жайсыздығына көндігу қиынға соғып тұр. Ескі үйдегі екі бөлмелі пәтерді 12 жыл бұрын 100 мың теңгеге сатып алған. Жұбайымен екеуі қолдан келгенше жөндеп, адам тұратындай жағдайға жеткізді. Бірақ 9 мүшесі бар отбасы үшін қазір екі бөлме әрі тар, әрі күн өткен сайын тозып барады. 
 

Ресми мәліметке сүйенсек Рудный қаласында 312 көпбалалы отбасы бар. Соның 95-і баспана кезегінде тұр. Биыл қалада әрқайсы 60 пәтерлік екі көпқабаты тұрғынүйдің құрлысы басталды. Жоспар бойынша қазан айында салынып бітуі тиіс. Осы жаңа үйлердің бірі толығымен көпбалалы отбасыларға берілмек. Яғни 60 отбасы баспаналы болады. Олардың қатарында Гүлзия Кәкенова да бар.  
 

Биыл Рудный қаласында демеушілер көмегімен 70 көпбалалы отбасыға тегін азық-түлік таратылды. 30 отбасыға коммуналды қызмет төлемдеріне 800 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Сонымен қатар өз кәсібін ашам дегендерге несие беру, жұмысқа орналастыру жағынан да көпбалалы отбасыларға басымдық беріледі. 


Дәуренбек Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АТАУЫ НҰР-СҰЛТАН БОЛЫП ӨЗГЕРДІ
16:18, 23 наурыз 2019
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АТАУЫ НҰР-СҰЛТАН БОЛЫП ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
АБАЙ ДАҢҒЫЛЫН ҚАЙТА АТАУ МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНЕН АЛЫНДЫ
18:21, 21 наурыз 2019
АБАЙ ДАҢҒЫЛЫН ҚАЙТА АТАУ МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНЕН АЛЫНДЫ
Толығырақ...
Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
18:08, 20 наурыз 2019
Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар