ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ҚОНЫСТАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ОБЛЫСТА ОЙДАҒЫДАЙ ОРЫНДАЛУДА

20:36, 8 тамыз 2019

Тұңғыш Президент тапсырмасымен әзірленген Қоныстандыру бағдарламасы Тобыл өңірінде қалай іске асып жатыр? Оңтүстіктен көшіп келген отбасылардың тұрмыс жағдайы көңілден шыға ма? Осы мақсатта астықты аймаққа Түркістан облысынан арнайы медиа делегация келді. Оның құрамы Ішкі саясат басқармасы және Жұмыспен қамту басқармасының жауапты өкілдері мен тілшілер қауымынан құралған. Іс - сапар барысында олар аудандарды аралап, қоныс аударушылармен жүздесті.

Түркістан облысынан арнайы  келген ақпараттық топ өкілдері облысымыздың Сарыкөл,   Алтынсарин, Қостанай  аудандарын аралап қайтты.  Медиа делегация мүшелері Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс  аударған отбасылардың  үйлерінде болып, олардың  тыныс- тіршілігімен танысты. Жерлестерінің  жаңа ортаға тезірек бейімделіп кеткендеріне қатты қуанғандарын айтады. Мемлекеттен отбасы мүшелеріне  тиісті жәрдемақылар берілген.  

Жергілікті әкімдік тарапынан көрсетілген көмек қолдаудың арқасында   қоныс аударушылар   қиындық  көріп жатқан жоқ.   Олар бүгінде әр салада табысты еңбек етіп жүр. Мал шаруашылығы, қызмет көрсету саласында  өз кәсібін дөңгелентіп жүргендер де баршылық.

Бұл делегат мүшелері  келтірген аз ғана  мысал. Демек, Қоныстандыру бағдарламасының ауылдық жерлерде жұмыс тапшылығын  реттеп, елді- мекендердің тірлігін жандандыруға  ықпалы өте зор.

Айта кетейік, былтыр өңірімізге оңтүстіктен ондаған отбасы қоныс аударған болатын. Жер игеріп, мал шаруашылығымен айналысамын деген азамат  үшін Қостанай облысы  қолайлы аймақ саналалы. Делегация мүшелері  қоныстандыру бағдарламасының тиімді іске асып жатқанына көз жеткізді.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА - КЕДЕРГІСІЗ ОРТА
20:34, 5 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА - КЕДЕРГІСІЗ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТКЕ – БІЛІКТІ МАМАНДАР
20:33, 3 желтоқсан 2019
КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТКЕ – БІЛІКТІ МАМАНДАР
Толығырақ...
ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
20:53, 4 желтоқсан 2019
ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...