ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ҚОНЫСТАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ДӘРІГЕР ТАПШЫЛЫҒЫН ШЕШУДЕ

20:44, 4 қыркүйек 2019

Биыл Қоныстандыру бағдарламасы бойынша Алтынсарин ауданына екі дәрігер көшіп келді. Медицина мамандары осылайша мемлекеттік бағдарламаның арқасында кадр тапшылығы мәселесі біртіндеп шешімін тауып келе жатқанын айтады. Биыл ауданға қоныс тепкен 5 отбасыға баспана да берілді, жұмыс орындары да ұсынылды. Жыл аяғына дейін тағы 4 жан ұя көшіп келеді деп жоспарланған. Оларға әлеуметтік төлемдердің барлық түрі жасалады.

Қоныстандыру бағдарламасының игілігін көріп отырғандардың бірі – Нарматовтар жанұясы. Алтынсарин ауданына Түркістан облысынан биыл көшіп келген отбасы баспанамен де қамтылды. Үйдің отағасы Фархадбек Нарматов жергілікті ауруханада педиатр болып еңбек етеді. Жұбайы мектепте ағылшын тілінен сабақ береді.

Анель Сағынтай – Оңтүстік Қазақстаннан қоныс аударған жас мамандардың бірі. Аудандық ауруханада дәрігер болып еңбек етеді. Бағдарламаның мүмкіндігін пайдаланғанына еш өкінбейді де.

Биыл Алтынсарин ауданына 5 отбасы  қоныс аударды. Қыркүйек айында қосымша 4 жан ұя көшіп келеді деп жоспарланған. Олардың барлығына үй беріліп, материалдық көмек көрсетілмек. Жалпы, «Еңбек» кәсіпкерлікті дамыту және нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы ауданда ойдағыдай іске асуда. Мұнда шағын несие алып,кәсіп ашқандар саны көбейген.

2019 жылы еңбекпен қамту шараларымен 523 адамды қамту жоспарланса, бүгінгі күні соның жартысынан көбі қос қолға бір күрек тапты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар