ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМЫН ТЫҢДАДЫ

20:08, 13 ақпан 2020

Коммуналдық қызмет өкілдері жұртшылықпен кездесу өткізді. Әңгіме барысында қаладағы кәріз жағдайы туралы мәселе көтерілді. Қостанайда құбырлардың 70 пайызының тозығы жеткен. Сондай-ақ, жылыту мәселесі де қозғалды. Тұрғындарды тағы қандай түйткілдер толғандырады? Бұл туралы келесі материалдан білейік.

Қаладағы кәріздердің жағдайы қанағаттанарлық деуге келмейді. Көп бөлігі тозған, сондықтан, оны жиі тазалаудың пайдасы шамалы. «Қостанай Су» мекемесінің директоры Еркебұлан Файзулаевтың пікірінше, құбырларды тазалаумен проблема шешілмейді. Жалғыз шешім – су трассаларын қайта салу. Бірақ, оған қаражат жоқ деп отыр жауапты компания басшылары.

Наталья Медведева Гагарин көшесі, 14-ші үй тұрғындарының талап-тілегін арқалай келген. Ол үйіміз суық деп шағымданады. Оның бұл мәселемен күресіп жүргеніне талай жыл болыпты. Коммуналдық қызмет өкілдері жағдайды бақылауға алуға уәде берді.

Жиында жылу есептегіштерін орнату мәселесі де көтерілді. Қостанай бойынша 1058 көпқабатты үйдің 80%-нда жылу есептегіштері бар. Алайда, әлі де есептегіш қоюға асықпайтындар бар көрінеді. Мамандар тұрғындарды бұған салғырт қарамауға шықырып,  құрылғыларды уақытында ауыстырып отыруды ескертті. 

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
20:38, 27 ақпан 2020
ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ
20:33, 27 ақпан 2020
ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ
Толығырақ...
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
20:31, 27 ақпан 2020
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...