Көлік құрастыру саласы - дамудың даңғыл жолы

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары демалыс кезінде әдеттегідей аймақтарды аралап, халықпен жүздесетіні белгілі. Астықты аймаққа «Ақжол» фракциясынан Парламент Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева келді. Халық қалаулысы Қостанайдағы тұрғын үй құрылысы саласы мен көлік құрастыру зауытының тынысымен танысты. Депутат өңірдің өндірістік ахуалын қалай бағалады?

18:32, 12 шілде 2017   172

Облысымыздың өнеркәсіп құрылымында машина жасау саласы қарқынды дамып келеді. Жыл сайын өндіріс ауқымын кеңейту - алда тұрған басты міндет. Сан –Енг, Ивеко, Пежо, Тойота. Қостанайда құрастырылған бұл темір тұлпарларға бүгінде елімізде сұраныс жоғары. Енді осы аталған көліктердің қатарына «Равон Нексия»   қосылды.  Қазақстан мен Өзбекстан елдері арасында орнаған ынтымақтастық негізінде «СарыарқаАвтоӨндіріс»  зауыты  алдағы уақытта жылына  3000  осындай автокөлік шығаруды жоспарлап отыр. Кәсіпорынның  өнімі тек қана Қазақстанда емес, сонымен бірге басқа да көрші елдердің нарығын бағындыратындығына бек сенімді  халық қалаулысы.    

Сондай-ақ,  мәртебелі мейман ипотекалық тұрғын үй  жүйесінің жұмысымен танысты. Өңірімізде баспана базынасы да жылдан - жылға  шешімін тауып келеді.  Биыл 14 көп қабатты тұрғын үй салынады. Бұл дегеніміз  мың  екі жүзге жуық отбасы қоныс тойын тойлайды деген сөз. 

Өндіріс орнының тынысымен  танысқан депутат  өңіріміздің  тұрғын үй құрылысы мен индустриалды - инновациялық дамуына оң бағасын берді. Қостанай облысының   өндірісі серпінді даму үстінде. Экономикалық құрылым өзгеріп, әртараптандыру жүріп жатыр. Депутат Дания Еспаеваның ойы осы.

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының ресми сайты

110003, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 126 үй Байланыс телефондары: 8 (7142) 54-66-60