ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БІР АЗАМАТ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ

20:36, 20 наурыз 2020

Биылғы қыста қар жылдағы нормадан екі-үш есе артық түсті. Бұл өз кезегінде көктемде су басу қаупін тудырады. Сондықтан, табиғаттың тосын мінезіне төтеп беретіндей қам жасау қажет. Өңірде су басу қаупі бар 98 елді-мекен бақылауға алынған. Аймақ басшысы да осыған қатысты бірқатар жиындар өткізіп, барлық жауапты органдарға тиісті тапсырмаларды жүктеп берді. Көктемгі тосын оқиғаларға қаншалықты дайынбыз?

Күн жылынып, жер жібігенде еліміздің бірқатар аймақтарындағы секілді Қостанай облысы да әбігерге түседі. Бұл көктемгі су тасқынына деген әзірлік. Жылдағы жағдай деп бейқамдық жасауға болмайды. Өйткені, биылғы қыста қар нормадан бірнеше есе артық түсті. Ауа райының тосын сыйына дайын болу үшін синоптиктердің ескертпесін қаперде қатаң ұстау керек.

Казгидромент мамандарының болжамынша, наурыз айының соңында облыста жауын-шашынды болады. Сондықтанөзендердің арнасынан асып, облыстың бірнеше елді мекені су астында қалуы әбден мүмкін.Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар департаменті мамандары, су басу қауіпі бар ауылдарды қатаң бақылауға алған.

Биыл су тасқынының қандай болатындығын алдын-ала болжау қиын. Мұны тіпті мамандардың өздері де дөп басып айта алмайды. Бір анығы көктемгі қарбаласта қол қусырып отырғанымыз болмас. Осыны ескерген облыс әкімі табиғаттың тосын мінезіне тойтарыс беру бойынша тиісті шараларды тыңғылықты орындауды жүктеді.

Тақырып бойынша материалдар

ТЖ режиміндегі театрлар мен кітапханалар
20:48, 6 сәуір 2020
ТЖ режиміндегі театрлар мен кітапханалар
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙДА АРНАЙЫ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІ ЖОҚ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
20:38, 6 сәуір 2020
ҚОСТАНАЙДА АРНАЙЫ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІ ЖОҚ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛ...
Толығырақ...
Қостанай қаласында 7 санитарлық бекет жұмыс істейді
20:31, 6 сәуір 2020
Қостанай қаласында 7 санитарлық бекет жұмыс істейді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУДА
20:47, 1 сәуір 2020
ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУД...
Толығырақ...