ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

«КӨКТЕМ-2020» ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

20:30, 25 ақпан 2020

Биыл облыста қар мөлшерден көп жауды. Ылғалдылығы да жоғары. Сондықтан, су тасқыны болу қаупі бар. Дайындық шараларын пысықтау үшін Қостанайда «Көктем-2020» оқу-жаттығуы өтті. Оған құтқарушылардан бөлек, басқа да жауапты сала өкілдері қатысып, қаншалықты күш біріктіре алатындарын көрсетті.

«Өзенде мұз ойылып, адам суға кетіп барады» деген хабар жетісімен, құтқарушылар оқиға орнына жедел жетті. Алдымен зардап шегушіні құтқарды, алғашқы медициналық  көмек көрсетілді.  

Облыста су тасқынының алдын алу бойынша арнайы жасақ та құрылған. Оның құрамына Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары,  коммуналшылар мен медицина қызметкерлері енген. 

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының сөзінше, өңірде қауіпті аймақтар анықталып, карта жасалды. Бірқатар су басу қаупі бар елді мекендер тікұшақпен бақыланады. Техника, адам саны жеткілікті деп мәлім етті құтқарушылар. 

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ МАСКА ТАРАТЫЛДЫ
20:38, 27 наурыз 2020
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ МАСКА ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар