ШҰҒЫЛ! Жаңа тағайындау! Әулиекөлдің жаңа әкімі таныстырылды Толығырақ

Қоғамдық қабылдау: Заңгер кеңес береді

20:33, 19 қаңтар 2018

Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қолға алынған шаралар тиімділігін көрсетуде. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында Әділет департаментінің өкілдері жергілікті азаматтарды қабылдады. Заңгерлердің кеңесіне жүгіне келген қостанайлықтарды көбіне алимент төлемеу, сот актілерін орындамау және жер теліміне қатысты дау-дамайлар мазалайтын көрінеді. Сондай-ақ, сот орындаушылардың өз қызметтерін салғырт атқаратындығы да қарапайым халыққа жайсыздық туғызады екен.

Галина Тимякова – зейнеткер. Ол қоғамдық қабылдауға өзін біраз жылдар бойы  мазалап жүрген мәселесін айта келіпті. Түйткілінің турасы мынау - зейнеткер 10 жылдан бері пәтеріне заң жүзінде салынған тыйымнан арыла алмай келеді.

Заңгерлер зейнеткерге мәселенің мән-жайын мұқият түсіндірді. Ол үшін азаматша  қалалық сотқа барып арыз жазуы керек. Толғандырған түйткілдің түйінін тарқатуға сол да жеткілікті. Бірақ зейнеткер бұған дейін неге ол жайында ескертілмегенін түсінбейді. Тіпті, сот орындаушылардың өзі бұл туралы тіс жармаған.

Әділет департаменті өкілдеріне өз арыз-шағымдарын айта келген тұрғындардың мәселелері де әр алуан. Отбасы-тұрмыстық қатынастардан туындайтын өзекті сұрақтардан бастап, азаматтық алу, төлқұжат тапсыру, несие рәсімдеу тәрізді шиеленіскен түйткілдер  қаралды. Бұл жолғы қабылдауға барлығы 10 адам келген еді, оларды заңгерлер жауапсыз қайтармады.

Тақырып бойынша материалдар

2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджеті бекітілді
15:04, 11 желтоқсан 2018
2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджеті бекітілді
Толығырақ...
15:02, 11 желтоқсан 2018
Инфрақұрылымды дамытуға 30 млрд. теңге бөлінеді Жол құрылысы...
Толығырақ...
Ұлы даланың жеті қыры: Жаңа жобалар бастау алды
14:57, 11 желтоқсан 2018
Ұлы даланың жеті қыры: Жаңа жобалар бастау алды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОТ ИДЕИ К ВОПЛОЩЕНИЮ. ФОНД РАЗВИТИЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА «ДАМУ» ПОКАЗАЛ УСПЕШНЫЕ БИЗНЕС-ПРОЕКТЫ
18:20, 7 желтоқсан 2018
ОТ ИДЕИ К ВОПЛОЩЕНИЮ. ФОНД РАЗВИТИЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА «ДАМ...
Толығырақ...
100 нақты қадам: «Қостанай» - адалдық алаңы! Индустриялық аймақ қарқынды дамуда
10:26, 5 желтоқсан 2018
100 нақты қадам: «Қостанай» - адалдық алаңы! Индустриялық ай...
Толығырақ...
Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті
10:30, 5 желтоқсан 2018
Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті
Толығырақ...