ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

20:51, 4 қыркүйек 2019

Облыстық Полиция департаментінің бастығы Бекет Айтмағамбетов Қостанай ауданында қоғамдық қабылдау өткізді. Аудан тұрғындары бас полицейге өздерін мазалаған сауалдарды жолдау мүмкіндігіне ие болды. Бірқатар түйткілді мәселелер ортаға салынып, оларды шешу жолдары қарастырылды.

Департамент бастығы тікелей өзі қабылдайды деген ақпаратты естіген аудан тұрғындары бұл жиынға ертемен ағылды. Тұрғындардың қарасы қалың. Солардың бірі Ольга Зухабаева. Оның көкейінде көптен шешімін күткен сауалы бар. Бүгін оны бас полицейдің өзіне қоюдың сәті түсті.

Генералға тұрғындар тарапынан қойылған сауалдар аз болмады. Көбі аудандағы қылмыстық ахуалға қатысты. Кейбір көшелердегі бағдаршамдардың дұрыс жұмыс істемейтіндігі, көпқабатты аулалардың көлік тұрағына айналғандығы да көпшілікті мазалайды. Бұдан соң полицейлерге өз еріктерімен көмектесіп жүрген азаматтар марапатталды. Евгений Радюк қоғам тыныштығына бей-жай қарамайтындардың бірі.

Қоғамдық қабылдауда полиция департаментінің бастығы тұрғындар тарапынан қойылған барлық түйткілді мәселелерді назарсыз қалдырмауға уәде етті. Жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:08, 20 ақпан 2020
ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...