ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ҚОҒАМДА ӘЙЕЛДЕР БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТА ТҮСКЕН

20:48, 5 қыркүйек 2019

Іскер әйелдер қауымдастығы тағы бір игі бастамаға мұрындық болды. Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі аясында Қостанайда 7 нәзік жанды жаңа мамандықты меңгеріп шықты. Олар жалғызбасты және көпбалалы аналар. Көп ұзамай жұмыспен де қамтылмақ.

Ақтолқын Әбілдинова үшін қолына тиген су жаңа сертификат жаңа өмірге қадам іспетті. Бұған дейін талай есікті қақса да, екі қолға бір күрек таппаған ол енді есепші. Бұл мамандықты Іскер әйелдер қауымдастығы қолға алған жоба бойынша тегін меңгеріп шықты. Бұл күні Ақтолқыннан басқа тағы бірнеше көпбалалы және жалғызбасты аналар жаңа мамандық иелері атанды.

Игі іс әлеуметтік жобалар мен идеялар жәрмеңкесі арқасында мүмкін болып отыр. Іскер әйелдер қауымдастығы нәзік жандыларға жаңа мамандық меңгеруге ғана емес, сонымен қатар психологиялық, заңгерлік көмек алуларына жәрдемдесті.

Айта кетейік, бүгінде Іскер әйелдер қауымдастығына 60 нәзік жанды мүше. Олар облыстың қыз-келіншектеріне қандай да көмек көрсетуге дайын екендіктерін айтады.

Ақыл Асқарова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:08, 20 ақпан 2020
ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...