ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ҚМУ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙДЫ

20:30, 10 шілде 2020

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде өткен жылғы түлектердің жұмысқа орналасуы 84 пайызға жеткен, кейбір мамандықтар бойынша 100 процент. Университет ректоры аймақтағы жетекші жоғары оқу орнында сапалы білім алуға сұраныстың артып келе жатқандығын және студенттерді оқытудың қазіргі заманғы тәсілдері туралы айтты.

Кез келген университеттің білім сапасының маңызды көрсеткіші – ең алдымен, түлектердің жұмысқа орналасуы, сондай-ақ алған мамандықтары бойынша кәсіптік қызметтерінің басталуы. Біз өз түлектерімізді жұмысқа орналастырамыз және осы мақсатта университетте арнайы қызмет – «Мансап және жұмыспен қамту» орталығы құрылды. Алдымен біз аймақтың кадрлық қажеттілігіне назар аударамыз, - дейді ректор.

Оқу ордасының ендігі басты мәселесі - талапкерлерді тарту. Жыл сайын орта мектеп түлектері мен олардың ата-аналары университет таңдауда талғампаздық танытуда. Карантиннің енгізілуіне, білім беру процестерінің онлайн режимге ауысуына, әлеуметтік қашықтықты сақтауға байланысты, мектеп, колледж түлектеріне ыңғайлы болу үшін біз «Талапкер-2020» автоматтандырылған жүйесін жасадық дейді оқу ісі жөніндегі проректор

«Талапкер-2020» жүйесінде мектеп түлектеріне университетпен қашықтықтан танысу мүмкіндігі берілген. Ресми сайтта видео-экскурсиялар, 3D-турлар, ғимараттар мен зертханалардың, арнайы институттардың, орталықтардың, компьютерлік сыныптардың, және кітапханалардың медиа файлдары ұсынылған.

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...