ШҰҒЫЛ! УАҚЫТТЫ БІР САҒАТ КЕЙІН ШЕГЕРУ ТИІМДІ МЕ? Толығырақ

КИНОЛОГТАР ЖАРЫСЫ ӨТТІ

20:22, 20 тамыз 2019

Қостанай қаласында кинологтар жарысы өтті. Шараға Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің командалары қатысты. Олар із кесу, есірткіні іздеу, кедергілерден өту сияқты бірнеше сынға қатысты.

Есірткі тасымалдаушылардың жолын кесіп, жарылғыш заттарды табу. Жыл басынан бері иісшіл иттердің көмегімен қылмыстың осындай түрлерінің 30-ының ізі суымай ашылған. Бұл ретте, кинологтардың біліктілігін арттырып отыру маңызды. Кезекті шара осы мақсатта ұйымдастырылды.   

Қызметтік иттер мен оның иесінің біліктілігін анықтайтын жарыс бірнеше кезеңнен тұрады. Сайыстың алғашқы күні саққұлақтардың бұйрықты орындау қабілеті бағаланды. Сондай-ақ жарылғыш және есірткі заттарын іздеудегі шеберліктері сыналды. Аз ғана уақыт ішінде берілген тапсырманы мүлтіксіз орындағандары жоғары баға алады. Жалпы Ұлттық ұланға қарасты әскери бөлімдер қоғамдық тәртіппен бірге стратегиялық нысандар мен түзеу мекемелерін күзетеді. Жауапкершілігі жоғары қызметте осындай иісшілдердің үлес-салмағы басым. Сондықтан олардың әрдайым бабында болуы ел қауіпсіздігі үшін маңызды екенін айтады мамандар.

Кинолог мамандардың жарысы 24-ші  тамызға дейін жалғасады. Үздік деп танылғандар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық сайысқа  жолдама алады.

Қымбат Шұғайып

Тақырып бойынша материалдар

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН БАС ТАРТУ – ӘЛЕМ ХАЛҚЫН БЕЙБІТШІЛІККЕ ҮНДЕУ
20:30, 20 ақпан 2020
ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН БАС ТАРТУ – ӘЛЕМ ХАЛҚЫН БЕЙБІТШІЛІККЕ ҮНДЕУ
Толығырақ...
ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:08, 20 ақпан 2020
ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Г. САРИНАНЫҢ «АБАЙДЫҢ ӘН ӘЛЕМІ» АТТЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
20:24, 17 ақпан 2020
Г. САРИНАНЫҢ «АБАЙДЫҢ ӘН ӘЛЕМІ» АТТЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Толығырақ...