
Қазақстанның халық партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына сайланатын азаматтардың тізімі жарияланды. Олардың арасында Айқын Қоңыров, Жамбыл Ахметбеков және Ирина Смиронова алдыңғы шақырылымның депутаттары. Қалған 7 жаңа есімнің арасында 5-шақырылымның депутаты Александр Милютин және журналист Ғазиз Құлахметов бар. 10 депутаттың екеуі – әйел. Мандаттар саяси ұйымның кезектен тыс 17-съезінде бекітіліп, орталық сайлау комиссиясының тіркеуіне жіберілді.