ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ БОЛАТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІКПЕН АЙНАЛЫСАТЫН ЖАСТАР ҚАТАРЫ АРТҚАН

20:40, 7 ақпан 2019

Үкіметтің қолдауымен іске асырылған мемлекеттік бағдарламалар аясында өңірімізде көптеген серпінді жобалар қолға алынған. Қостанайлық жас кәсіпкер «гидропоника» әдісін жылыжай шаруашылығына қолданып отыр. Тың технология арқылы жылыжайдан аптасына 100 түпке дейін «салат жапырақтарын» жинайды екен. «Жас проджект» бағдарламасы арқылы алған 1 млн теңгелік қаржыны пайдалы шаруашылыққа жұмсаған кәсіпкермен әріптесім тілдесті.

Мына екі қабатты жылыжайда аптасына 100 түпке дейіни «салат жапырақтары» өседі екен. Мұнда 4 адам еңбек етеді. Олар жер қопсырып, көкеніс суармайды. Тек түйнекті шаң-тозаңнан тазартып, дайын өнімді жинап алады. Тұқымнан түйнек шыққанша, жүйектегі судың айналымын қадағалап отырамын дейді жас кәсіпкер.

Мұнда жұмыс әдеттегідей таңертеннен басталып, қара кешке дейін созылмайды. Тек заманауи үлгідегі арнайы басқару жүйесіне қосылған электронды жылыжайыңыз болса болғаны. Кәсіпкердің айтуынша, құнарлы әрі сапалы өнімді дайындаудың мұндай тәсілі - экономикалық тұрғыдан да тиімді көрінеді

Жылыжай шаруашылығындағы тиімді тәсілді жергілікті әкімшілік те қолдап, қолынан келгенше бар көмегін көрсетіп келеді. Осы үшін мемлекеттен арнайы қаражат та бөлінген. Жас кәсіпкер алдағы уақытта басқа да өсімдік түрлерін өсіруді жоспарлап отыр.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

НАУҚАС БҮЛДІРШІННІҢ АНАСЫ ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАРДАН КӨМЕК СҰРАЙДЫ
13:14, 23 сәуір 2019
НАУҚАС БҮЛДІРШІННІҢ АНАСЫ ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАРДАН КӨМЕК СҰРАЙДЫ...
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ЕЛБАСЫ РӨЛІ
20:34, 22 сәуір 2019
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ЕЛБАСЫ РӨЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«МӘҢГІЛІК РУХ»: МЕНІҢ АТАМ – МАЙДАНГЕР...
18:14, 19 сәуір 2019
«МӘҢГІЛІК РУХ»: МЕНІҢ АТАМ – МАЙДАНГЕР...
Толығырақ...