ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІК ДАМЫП КЕЛЕДІ

20:30, 30 шілде 2020

Облысымызда түрлі мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен өз шаруасын дөңгелетіп отырған тұрғындарымыз жетіп артылады. Кейбірі мал басын асылдандырумен айналысса, өзгесі ауылшаруашылығын дамытуға өз үлесін қосып келеді. Осындай табысты шаруа қожалықтары облыс орталығы іргесіндегі Қостанай ауданы аумағында да баршылық екен.

Бұл – Қостанай ауданына қарасты Мәскеу ауылдық округы. Округ құрамында Мәскеу және Ақжаркөл ауылдары бар. Халқының саны 2100 адам. Округ халқының негізгі бөлігі ауылшаруашылығымен айналысады. Бұрнағы жылдары Ресейдің Мәскеу қаласынан көптеген мамандар қоныс аударып, тың көтеру жұмыстары мен ауылшаруашылығын дамытуға өз үлестерін қосқандықтан, елді мекен де Мәскеу атанып кеткен екен.

Толағай Міштариұлы осы ауылға Моңғолия елінен көшіп келген қандасымыз.  Мәскеу ауылдық округіне сонау тоқсаныншы жылдардың аяқ шенінде қоныс аударған. Ол ауылдың кешегісі мен бүгінгісін салыстыруға келмейді дейді. Ауылдық округтың бүгінгі ахуалы жақсы. Тұрғындардың болашаққа деген сенімі де зор. 

Ауылдықтар өз өнімдерін өткізуге мүмкіндік берген кооператив иелеріне алғысы шексіз. Ал кәсіпкерлер өз кезегінде ауылдық жерде кәсіпкерлік ашуға ықпал етіп, қолдау көрсетіп отырған жергілікті басшылыққа рахмет айтуда.  

Ауылдық округте қандастарымызға жеке кәсіпкерлігін ашуға, оны дамытуға барлық жағдайлар жасалып отырады. Мәселен 2018 жылы аудан тарапынан жеке кәсібін дөңгелетуге ниет білдірген шаруа қожалықтарына бірнеше гектар шабындық жерлер беріліп, күзгі маусымда өз шарушылықтарына жем-шөп қорын жасап алуға мүмкіндік жасалған. Мал басын көбейткен шаруа қожалықтарына қосымша 200 гектардан астам жайылымдық жер де бөлініпті.

 

Даниел Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...