ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ

20:31, 18 наурыз 2020

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау қолайлы инвестициялық климат құруға ықпал етеді. Осы ретте Бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғауға арналған жобалық кеңсе өз тиімділігін көрсетіп үлгерді. Мемлекеттік органға барып, құқықтық түсініспеушілік пен кедергілерге тап болған аймақтағы ондаған кәсіпкердің мүддесі қорғалды.

Осыдан екі жыл бұрын жұмысын бастаған жобалық кеңсенің  бүгінгі аяқ алысы жаман емес. Бизнесте проблемасы туындаған іскер азаматтар бірден аталған мекеменің  көмегіне жүгініп жүр. Мысал үшін, түрлі мәселемен келген 100-ге жуық кәсіпкердің өтініштері  қаралды. Оның 80 пайызы оң шешімін тапты.  Инвесторлардың  мүддесін қорғау жөнінен  40 – тан артық келісім жасалды. Жобалық кеңсенің діттегені де осы. Шетелдік және қазақстандық инвесторлардың құқығы мен мүддесін  қорғау. 

Жобалық кеңсенің көмегімен бизнеске қатысты  өзекті мәселелер   заң  жүзінде  бір жақты етіліп жатыр. Бұл іскерлік ортаны қалыптастыруға септігін тигізбек.

Кәсіпкерлік саладағы  коррупциямен  күресте отандық мамандар шетелдік тәжірибелерді негізге алып отыр. Болашағынан көп үміт күттіретін ұйым  «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде  орналасқан. Мекен -  жайы Тәуелсіздік көшесі  85- ші  үй. Байланыс телефоны- 54-46-24.  Мамандардың айтуынша, кәсіпкердер мен инвесторлардың мүддесін қорғауда  мекеме  жұмыс тиімділігін арттыра түспек.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...